03.03.2017, 20:50 9867

Қарағанды облысы мен Қазақ агротехникалық университеті агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Келісімніӊ мақсаты - агроөнеркәсіпті дамыту және ЖОО ғалымдарыныӊ ғылыми әзірлемелері арқылы оныӊ бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

Қарағанды. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков және Қазақ агротехникалық университетініӊ ректоры Ақылбек Күрішбаев конференция барысында облыс пен университет арасындағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісімніӊ мақсаты - агроөнеркәсіпті дамыту және ЖОО ғалымдарыныӊ ғылыми әзірлемелері арқылы оныӊ бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

Астанадағы ЖОО-да өткен конференцияға ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, аудандардыӊ, қалалардыӊ әкімдері, жер комитеттерініӊ, жер өойнауын пайдалану басқармаларыныӊ, ветеринарлық коммуналдық кәсіпорындардыӊ, ауыл шаруашылық құрылымдардыӊ, аӊ аулау және балық шаруашылығы субъектілерініӊ басшылары, сондай-ақ, университет ғалымдары қатысты.

"Бүгін ҚазАТУ-ға білім ордасыныӊ ғылыми мүмкіндіктерін біздіӊ агроөнеркәсіптік кешеніміздіӊ өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында тарту үшін келдік. Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық секторды экономиканы дамытудыӊ драйверлерініӊ біріне айналдыру міндетін алға қойды. Қарағанды облысында бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар деп санаймыз. Агроөнеркәсіптік кешенді экономиканыӊ драйверіне айналдыру үшін ғалымдардыӊ ғылыми әзірлемелеріне сүйену керек", - деді Н. Ибдібеков.

Құжатқа сәйкес, ЖОО әкімдіктіӊ ауыл шаруашылық жұмыстарына ғылыми сүйемелдеу жасайды. Осылайша, ғылымға сүйене отырып, және озық технологияларды енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен жаӊа белестерді бағындырады - тиімді әрі бәсекеге қабілетті болады, әрі болашақта экспортқа шығады.

ЖОО ректорыныӊ айтуынша, қазіргі кезде ғалымдардыӊ ғылыми әзірлемелері жекелеген шаруашылықтарда қолданылады, бірақ әзірлемелер әлдеқайда ауқымды деӊгейге - облысқа шығуға мүмкіндік береді.

"Біз қолда барын іспен көрсеткіміз келеді: шығымдылықты, малдыӊ өнімділігін, ауыл шаруашылығыныӊ тиімділігін қалай көтере аламыз. Ынтымақтастық үш бағыт бойынша жүруі керек: отандық аграрлық ғылым әзірлемелерін өндіріске енгізу, шетелдік технология трансферті; облыстыӊ агроөнеркәсіптік кешенін жас білікті мамандармен қамтамасыз ету; облыстыӊ тауар өндірушілерініӊ арасында білім тарату", - деп атап өтті А. Күрішбаев.

Кездесу барысында ғалымдардыӊ баяндамалары тыӊдалды: Б. Майқановтыӊ ветеринария, балық шаруашылығын және аквамәдениетті, аӊ аулау шаруашылығын дамыту бойынша; Н. Қажғалиевтыӊ селекциялық-тұқымдық жұмыс және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары; Н. Серекпаевтыӊ жер өӊдеу бойынша; Ф. Ермековтыӊ жерге орналастыру және ГАЖ технологиялары бойынша; А. Исмаиловтыӊ ауылдағы кооперация бойынша; сондай-ақ жерлерді нүктелі иеру мәселелері (ауыл шаруашылық менеджментініӊ жоғары технологиялық жүйесі) және өндірістіӊ техникалық жабдықталуын арттыру бойынша.

Айта кетейік, сондай-ақ ЖОО өндіріске отандық аграрлық ғылымныӊ әзірлемелерін, шетелдік технология трансфертін, кадрлық қамтамасыз ету мен біліктілікті арттыру, ауылдарда кооперацияны дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылық өндірушілер арасында қазіргі заманғы білімді тарату арқылы Қарағанды облысыныӊ агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне практикалық көмек пен ғылыми сүйемелдеуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны