13.01.2014, 19:45 3070

Қарағанды облысы прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Ибілдин өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Ибілдин өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Кәсіпкерлікті қорғау прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады", - дейді облыс прокуроры А.Секішев.

Оның айтуынша, меморандумға қол қою кәсіпкерлердің күнделікті мәселелерін шешу мен кәсіпкерлікке кері әсерін тигзетін әкімшілік кедергілерді азайту жолындағы жаңа диалогтық алаң құруға алғышарт іспетті.

"Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлік қызметтерге араласу факттерін анықтау үшін тексерістерді жоспарлау мен іске асыру жүйесі дайындалды. Тексеріс ұйымдастырушылардың заңсыз әрекетін анықтау үшін мобильді топ құрылып, прокуратураның барлық деңгейлерінде жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, прокуратура тексерістерінің нәтижесінде кәсіпкерлікті қорғау саласында 790-нан астам заң бұзушылықтың беті ашылды. 300-дей заңсыз тексеріс анықталып, кәсіпкерлердің құқын аяққа таптау бойынша 11 акт ашылды. Осы жұмыстардың арқасында 3,5 мың кәсіпкердің құқы қорғалды.

Сонымен қатар, 96 тұлға жауапкершілікке тартылып, соның ішінде 2-еуіне қарсы жемқорлық қылмысы қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны