18.07.2008, 13:40 1366

Қарағанды облысында 108 фермер жерінен айрылып қалды

Қарағанды облысында 108 фермер жерінен айрылып қалды

Қарағанды. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Николаевка ауылындағы 108 пайшы кіретін "Восход" шаруа қожалығының жерін басқа жалға алушыларға өтіп кеткен. Бұл туралы агенттік тілшісіне шаруа қожалығының басшысы Николай Бородин хабарлады.

Оның айтуынша, ""Восход" шаруа қожалығының мемлекеттен жалға алған 13 мың гектарға жуық жерін былтыр басқа жалға алушыларға беріп жіберген. Бұл жайлы шаруа қожалығына мүше пайшылар егістіктерден түсім жинауға келген кезде бірақ білген".

Шаруа қожалығындағылардың хабарлауынша, жаңа қожайының қарулы күзетшілері оларды алқапқа жібермей қойған. Құны 25 млн теңге тұратын негізгі құрал - техника да (тракторлар, комбайндар мен шөп шабатын машиналар) жаңа қожайынның иелігіне өтіп кеткен. Жаңа меншік иесіне егістік жерлермен қатар пішендіктер де өткен. Соның салдарынан шаруалар шөп шабатын жер де таппай қалды.

Н. Бородиннің мәліметінше, экономикалық сот олардың ЖШС-ін банкрот деп таныған, соның салдарынан барлық мүлік иелеріне белгісіз жағдайда екінші қолға көшті. "Аукцион жабық жағдайда өткізілді, бізді тіпті оған кіргізген де жоқ. Болған оқиғаның бәрін біз заңсыздық деп танимыз және біз өз жерлерімізді қайтарып алуға тырысатын боламыз", -деді ол.

Пайшылардың пайымдауынша, жерді Астанадағы бір жоғары лауазымды шенеунікке берген, сол себепті жергілікті билік шаруалардың дау-дамайына араласпай отыр.

Ал Осакаров ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Юрий Моторин осы ауыл тұрғындары мен жаңа қожайын "Союз Алем KZ" ЖШС арасындағы қарым-қатынас тек жеке сипатта екенін айтты.

"Қандайбір жолмен әлдекімнің мүддесіне лобби жасауға және әлдекімнің құқығын бұзуға біздің құқығымыз жоқ. Сондай-ақ, мораторийға байланысты меншік иелеріне тексеру жүргізе алмаймыз. Оның үстіне біздің ауданда жер инспекциясы да жоқ", - деді ол.

Шаруалар өз жерлері екінші қожайынға заңсыз өтіп кетті деп санайды. Олар жерді қайтара алмаса, ахуал жаппай наразылық шараларына ұласып кету қаупі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны