03.02.2014, 21:23 3384

Қарағанды облысында 2013 жылы 33 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

2013 жылы Қарағанды облысында жұмыспен қамту орталығы арқылы 32 878 адам немесе өтініш бергендердің 95% жұмыспен қамтылды.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы Қарағанды облысында жұмыспен қамту орталығы арқылы 32 878 адам немесе өтініш бергендердің 95% жұмыспен қамтылды.

Жалпы, Қарағанды облысы бойынша 2013 жылы 6555 жаңа жұмыс орны ашылып, екі қолға бір күрек іздеген 32878 адам (өтініш бергендердің 95%) жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 9094 жан жіберілді.

Негізі, 2013 жылы барлық экономиканың салалары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізіліп, жыл жемісті аяқталды, деп әкімдіктен хабарлады.

Сонымен қатар, өндірістік өнімнің көлемі 1 трлн 398,1 млрд теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда - 102,1%-ға жетті. Жалпы ауыл шарушылығы өнімі 47,7 млрд теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 11,8%-ға өсті. Ал, шағын және орта бизнес субъектілері 548 млрд теңгеге өнім мен қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2012 салыстырғанда 103,4% құрады.

Сондай-ақ, өткен жылы негізгі капиталға 403,4 млрд теңге инвестицияланды, ол 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 18,2 пайызға жоғары. Бір жарым есеге құрылыс жұмыстары өсіп 213,6 млрд теңгені құрады. Сыртқы тауар айналым 9 млрд 718 млн АШ долларына тиесілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны