20.04.2016, 09:31 4112

Қарағанды облысында 286 мыӊ гектар жер алаӊы бәс саудаға салынады

"Биылғы жылға бәс саудаға салуға жалпы аумағы 286 мыӊ гектар жер телімдерін әзірлеу жоспарланған. Жел телімдерін ағымдағы жылдыӊ шілде айынан бастап сатуды көздеп отырмыз", - деді Ибдібеков.

Қарағанды. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 286 мыӊ гектар жер алаӊы бәс саудаға салынады деп мәлім етті облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биылғы жылға бәс саудаға салуға жалпы аумағы 286 мыӊ гектар жер телімдерін әзірлеу жоспарланған. Жел телімдерін ағымдағы жылдыӊ шілде айынан бастап сатуды көздеп отырмыз", - деді Ибдібеков.

Оныӊ хабарлауынша, сондай-ақ, облыста жыл басынан бері қорда болған 210 мыӊ гектар жер шаруашылық айналымға тартылған, бұл жылдық жоспардыӊ 51%-ын құрайды.

Бұған қоса, әкімніӊ айтуынша, облыс өӊірлерінде ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерге салынатын жер салығыныӊ мөлшерлемесі көтерілген. "Жер мақсаттан тыс пайдаланылса, салықты 10 есе арттыру туралы мемлекет басшысы тапсырма бергені белгілі, бұл жерді тиімді пайдалануға ынталандыруға тиіс. Қазір осы үдеріс жүргізіліп жатыр. Жерді тиісті мақсатта пайдалана алмаған пайдаланушылардыӊ жер телімдерін мемлекеттік меншікке өз еркімен қайтару оқиғалары кездесіп отыр", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны