28.07.2014, 20:08 6491

Қарағанды облысында 60 сауда базары жұмыс істеп тұр - әкімдік

Қарағанды облысында 60 сауда базары жұмыс істеп тұр. Онда 10 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Абылаева облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысында 60 сауда базары жұмыс істеп тұр. Онда 10 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Абылаева облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.

Оның айтуынша, базарлардағы бөлек сауда айналымы 45,9 млрд теңгені құрайды, бұл өңірдегі жалпы тауар айналымының 17,8%-ын құрайды. Соның ішінде ең көп шоғырланғаны Қарағандыда 22 базар, оның 9-ы азық-түлік базары.

Алайда облыстағы барлық базарлар өзінің архитектуралық көрсеткіштерімен, техникалық қамтамасыз етілу деңгейімен, санитарлық жағдайымен заманауи талаптарға толық жауап береді. Осыған орай солардың кейбіріне заманауи талаптарға сай сауда шарттарын қалыптастыру қолға алынуда.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе нарықтағы контрафактілік өнімдер айналымы. Иділет департаменті қаржы полициясымен және ІІД-мен бірлесіп тұрақты түрде контрафактілік өнім айналымының алдын алу шараларын жүргізуде. Жыл басынан бері 35 рейд жүргізіліп, 1,5 млн теңгенің 4175 дана өнімі тәркіленді.

Сонымен қатар, жабайы сауданың алдын алу жұмыстары да жүргізілуде.

"Рейдтік шаралар барысында тәртіп сақшылары сауда орындары мен көше саудасында 75 адамды ұстап, оларға 335 мың теңге айыппұл белгіледі. 149 адам ескерту алды", - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша әкім моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша облыс базарларын жаңғыртуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны