02.02.2017, 16:44 5058

Қарағанды облысында ауылшаруашылық кооперациясын түсіндіру жөніндегі ҚР АШМ жұмыс тобыныӊ АӨК өкілдерімен кездесуі өтті

Қордыӊ өкілі Армат Байзақовтыӊ айтуы бойынша, облыста қазіргі уақытта 92 мыӊ жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Олар сүттіӊ барлық көлемініӊ 79,8%-ын, сиыр етініӊ 74,5%-ын, көкөністіӊ 46%-ын өндіреді.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Шаруалар кооперативтерге біріге отырып өз жерініӊ иесі болып қалады, өзініӊ заӊды мәртебесі мен мүлкін сақтап қалады. Алайда, осы ретте олар өз өндірісін дамытуға және пайда алу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Бұдан басқа, кооперация түрлі мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеӊейтеді. Бұл туралы Қарағанды облысында өткен АӨК өкілдерімен ауылшаруашылық кооперациясын түсіндіру жөніндегі ҚР АШМ Жұмыс тобыныӊ кездесуінде айтылды,- деп хабарлайды "Қазагро" АҚ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде ауылшаруашылық кооперациясыныӊ негізі бойынша, кооперативтерге біріккен ауылдағы шағын нысандағы шаруашылықты жүргізуді мемлекеттік қолдаудыӊ жаӊа механизмдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын естеріӊізге саламыз. Қарағанды облысыныӊ тоғыз ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесу және ақпараттық жұмыс жүргізетін топқа "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ құрамындағы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ және Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ҰЗИ өкілдері кірген.

Қордыӊ өкілі Армат Байзақовтыӊ айтуы бойынша, облыста қазіргі уақытта 92 мыӊ жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Олар сүттіӊ барлық көлемініӊ 79,8%-ын, сиыр етініӊ 74,5%-ын, көкөністіӊ 46%-ын өндіреді. Жалпы республика бойынша 1,5 млн. астам ЖҚШ жұмыс істейді, олардыӊ өндіріске үлестік салымы мынадай: ет 62%-ды, сүт -80%-ды құрайды. АШМ тұжырымдылық ұсынысы ЖҚШ және шағын шаруа қожалықтарыныӊ, фермерлік шаруашылықтардыӊ өндірістіӊ және ауылдағы өмір сүру деӊгейініӊ қозғаушы күші ретіндегі әлеуетін пайдалану үшін кооперацияны көлемді дамытудан тұрады.

Топтыӊ түсіндіру жұмысы Қарағанды облысы әкімініӊ ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Шагурашид Мамалиновтыӊ қатысуымен өткен селекторлық кеӊестен басталды және Бұхар-Жырау және Абай аудандарыныӊ ауыл тұрғындарымен өӊірлердегі кездесулеріне жалғасты.

Талқылау барысында атап өтілгендей, шағын түрдегі шаруашылық жүргізудіӊ негізгі проблемаларыныӊ қатарында - өндірілген өнімді кепілдікпен өткізудіӊ және оны нарыққа дейін немесе қайта өӊдеуші кәсіпорындарға дейін жеткізу мүмкіндіктерініӊ болмауы; салынған қаражатты жаппайтын сатып алу бағасыныӊ төмен болуы; жоғары шығындар мен тұқымды, тыӊайтқыштарды, ЖЖМ, жемшөптерді сатып алуға қажет қаражаттыӊ болмауы; жеке ауылшаруашылық техникасыныӊ, жабдықтардыӊ, көліктіӊ болмауы; мемлекеттік қолдау шараларына (инвестициялық субсидиялар, жеӊілдікті несиелер және басқалар)қол жетпеу.

Осы ретте, ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігудіӊ айқын пайдасы атап өтілді -өнімді делдалдыӊ көмегінсіз тиімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру; өнімді сақтау және қайта өӊдеуді бірлесіп ұйымдастыру (көкөніс сақтау қоймасы, сүт қабылдау пункті, бордақылау алаӊы, жемшөп цехы); мемлекеттік қолдауға қолжетімділік (жеӊілдікті несиелендіру, өнім өндіруге арналған ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуғаинвестициялық субсидиялар) және т.б.

Ауылшаруашылық кооперациялары мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық бірыӊғай call-центр іске қосылғанын атап өту қажет. 8 8000 80 80 10нөмірі бойынша(барлық бағыт бойынша қоӊыраулар тегін) Қазақстанныӊ әр тұрғыны ауылшаруашылық кооперацияларын құру мәселелері бойынша, кооперативтерді мемлекеттік қолдау түрлері, қаржыландыру шаралары, кооперативке қатысушылар үшін артықшылықтар туралы консультация ала алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны