20.06.2017, 12:16 7841

Қарағанды облысында бір жылда ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге 4,3 млрд теӊге жұмсалды

Қарағанды облысында бір жылда ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге 4,3 млрд теӊге жұмсалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында бір жылда ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге 4,3 млрд теӊге жұмсалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

"Жаӊа инновациялық секторларды дамыту мен ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларды құру мәселелерін отандық ғылымды дамытпай тұрып шешу мүмкін емес. Инновациялық секторлар дегеніміз, "жаӊа экономика" деген атауға ие болған бағыттардыӊ барлығы, олардыӊ дамуы көбінесе мобильдік және мультимедиялық технологиялар, нанотехнологиялар, роботтық техника және келешектіӊ энергиясын іздеу және ашу салаларындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердіӊ нәтижесіне қарай айқындалады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы облыстағылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелермен айналысушы ұйымдар мен кәсіпорындардыӊ саны 33 бірлікті құрады, ал оларға жұмсалған ішкі шығындар 4,3 млрд теӊгеге жетті. Салыстырып айтар болсақ, 2015 жылы мұндай жұмыстармен 32 ұйым айналысқан, ал ішкі жұмсалған қаржы мөлшері 3,6 млрд теӊгені құрады", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Атап айтқанда, оныӊ сөзінше, ҚарМТУ "Жайрем Тау-кен байыту комбинаты" АҚ, "Industrial Energy Alliance" ЖШС, "KazGeoScan" Ғылыми техникалық орталығы" ЖШС және "Евразиялық энергетикалық корпорациясы" АҚ-мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасасты. Сондай-ақ, ҚарМТУ Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ шеӊберінде "Металлургиядағы нанотехнологиялар", "Роботты техника. Басқару жүйелері" атты профильдік магистратуралық екі білім беру бағдарламасын әзірледі, бұл облыстағы тау-кен-металлургиялық секторды дамыту жөніндегі басым бағытқа сай келеді.

Кәрібековтыӊ айтуынша, Қарағанды облысында қазіргі бар өндірістерді модернизациялауға бағытталған ғылыми зерттеулердіӊ нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асырушы шағын инновациялық компанияларды дамытуға септігін тигізуді "Сарыарқа" техносаябағы жүзеге асырады.

"Техносаябақ 2015-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Ғылым қоры" АҚ және "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ-ныӊ гранттық қаржыландыруын алу жөніндегі өтінімді дайындау бойынша 30-дан астам жобаға қолдау көрсетті, солардыӊ ішінен 7 жоба грантқа ие болды", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Атап айтқанда, оныӊ хабарлауынша, мынадай жобалар грантқа ие болды:

1) "Протом" ЖШС-ніӊ ТОМ-1 және ТОМ-2 булф өнеркәсіптік жылыту қазандықтарын сериялы түрде өндіруді жолға қою жобасы;

2) Биоорганикалық гуминдік тыӊайтқыштар өндірісі (ылғалұстаушы және өсімді ынталандыру белсенділігі бар, экологиялық таза, малшаруашылығы қалдықтары мен тотықтандырылған көмір гуматыныӊ негізіндегі тыӊайтқыштар, "Интеллект" ЖШС);

3) Мультимедиялық және мультиплатформалы электрондық оқулықтар жасау бойынша бағдарламалық жасақтама кешенін әзірлеу, "Арго-16" ЖШС;

4) Пайдалы қазба шикізатын құрғақ байыту тәсілі, "ТУТАС" ЖШС;

5) Жасыл шөптер, көкөністер мен жемістерді үй және жылыжай жағдайында өсіру бойынша тік аэропонды қондырғылар өндірісі, Шунгулов А.А.;

6) "Кокс химиясыныӊ қосалқы тауарлық емес өнімдерінен тауарлық аммоний сульфатыныӊ өнеркәсіптік үлгісін өндірудіӊ технологиясын жасау", "Инновация" ЖШС;

7) Габаритті полимербетон бұйымдар өндіретін желі жасау, "Өтеміс LTD" ЖШС.

"Кәсіпкерлікті қолдау картасыныӊ жобаларын іріктеген кезде де экономика салаларында жаӊа технологияларды дамыту жағы қарастырылады. Облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК салаларында жаӊа өнім түрлерін өндіретін мынадай кәсіпорындар құрылған: "NORD пром НС" ЖШС-ніӊ бетон теміржол шпалдары; "Kaz-metiz" ЖШС-ніӊ құрыш канаттары мен сымдары; "ККК Бетон" ЖШС-ніӊ іріпанельді үй құрылысы элементтері бар темірбетон бұйымдары; "Изоплюс Центральная Азия" ЖШС-ніӊ алдын-ала оқшауланып қапталған болат құбырлары; "Бёмер Арматура" ЖШС-ніӊ шарлы крандары;"Эпостим" КФК-ніӊ алдын-ала шприцке толтырылған дәрі-дәрмектері; Евразия Инвест Ltd." ЖШС-ніӊ сублимациялық тәсілмен бие сүтін, яғни саумал өндіру тәсілі", - деді Кәрібеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны