28.07.2017, 19:18 4936

Қарағанды облысында еліміз бойынша алғашқы ескі автокөліктерді жою зауыты ашылды

Орталық Азияда баламасы жоқ "Recycling Company" ескі көліктерді жоятын зауыт Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" ЕЭА аумағында ашылды. Қолданыстан шыққан ескі автокөліктерден шыққан қалдықтардан бұл жерде болат, алюминий, түрлі-түсті металладр қоспасын, сондай-ақ резина үгінділерін және көмірсутек өндіреді.

Қарағанды. 27 шілде. Kazakhstan Today - Орталық Азияда баламасы жоқ "Recycling Company" ескі көліктерді жоятын зауыт Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" ЕЭА аумағында ашылды. Қолданыстан шыққан ескі автокөліктерден шыққан қалдықтардан бұл жерде болат, алюминий, түрлі-түсті металладр қоспасын, сондай-ақ резина үгінділерін және көмірсутек өндіреді.

Кәсіпорынныӊ ашылу салтанаты шілденіӊ 26-да өтті. Шақырылған қонақтар қатарында Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов, ҚР инвестициялар және даму бойынша вице-министр Алик Айдарбаев және ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков те болды.

- Бүгін өндірістіӊ бірінші кезеӊі іске қосылады - ол автомобильдерді сығымдау және фракцияға бөлу, -деп түсіндірді облыс әкімініӊ инвестициялар бойынша орынбасары Алмас Айдаров. - Екінші кезеӊ осы жылдыӊ қыс айларында іске қосылады. Оныӊ ішіне метталды балқыту кіреді, ол үшін бұл жерде балқыту зауыты салынып жатыр. Сонымен қатар осы екінші кезеӊ аясында пирролиздік құрылғы орнату, автокөліктерден шыққан майлар мен сұйықтықтарды қайта өӊдеу жоспарланып отыр. Екі кезеӊге жалпы есептегенде 3,4 миллиард теӊге жеке меншік инвестициялар салынған. Басқа аймақтарда мұндай зауыт жоқ. Автомобильдерді сығымдайтын, брикет ретінде тығыздайтын зауыттар бар, олар сонан соӊ жойылу үшін бізге жеткізіледі. Кәсіпорын басшылары автоқалдықтарды қалай жоятындарын көрсетіп, аймағымыздыӊ экологиясы мен экономикасына қандай пайда алып келетінін айтып берді.

Ескі автокөлікті зауытқа көлік иелерініӊ өздері де тапсыра алады. Оларға екі түрлі төлемақы ұсынылады: 150 000 теӊге қолма қол ақша немесе отандық өндірушілердіӊ жаӊа көлігін сатып алуға 350 000-нан кем түспейтін жеӊілдік сертификаты беріледі. Зауытқа жағдайына қарамастан кез-келген ескі көлікті тапсыруға болады.

Алдымен зауытта автокөліктен барлық қаупті сұйықтықтарын шығарып алады. Сонан соӊ аккумулятор мен әйнектерін алып тастайды. Содан кейін ғана көлік сығымдалады. Оны брикет пішінді етіп тығыздаған соӊ шикізат түрлеріне қарай "Bonfiglioli" итальяндық шредерлік жабдық арқылы ұсақ фракцияларға үгітеді. Бұл жабдықтыӊ қуаттылығы бір сағатта шамамен 20 автобрикеттерді өӊдеуге шақталған.

Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов "Recycling Company" зауытыны ашылу салтанатында бұл жоба - республикамыз үшін көптен күткен және өте қажетті екенін атап айтты.

- Қолданыстан шыққан көліктерді қайта өӊдеу мәселесі өте өткір. Қазақстанда бес миллионға жуық автокөліктер бар, олардыӊ үштен бірі жойылуы тиістілер, - деді аймақ басшысы. - Сонымен қатар зауытта 70-тен астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін болады. Меніӊше кадр жетіспеушілігі болмайды. Себебі Қарағанды облысыныӊ бұл салада әлеуеті зор. Бұл зауыттыӊ өнімі сонымен қатар біздіӊ металлургиялық алыптардыӊ да сұранысына ие болады. Мен инвесторларға біздіӊ аймағымызды таӊдағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сонымен бірге бұл зауытты салуға күш жұмсаған әрбір адамға да рахмет деймін.

Зауыт директоры Александр Рябинин өз кезегінде аймақ басшысына жаӊа кәсіпорынға қызықғушылық танытып, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Жобаныӊ жалпы құны шамамен 3,4 миллиард теӊгені құрайды. Компания толықтай қазақстандық болып табылады.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда 2016-шы жылдыӊ қарашасында ескі авто көліктерді жою бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Еліміздіӊ 16 облыстарында қолданыстан шыққан көліктердіӊ қалдықтары жиналады.

Қазақстандықтар 213 жеӊіл, 12 жүк көліктерін және 11 жолаушы тасымалдау автобустарын еӊілдік сертификаттарға айырбастаған екен. Еӊ белсенділері Қостанайдан болған, олар 74 көлік тапсырған. Павлодарлықтар жоюға 68 көлік, алматылықтар - 24 берген. Бұл көліктердіӊ барлығы 1980-1993-ші жылдар аралығында шыққан автомобильдер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны