25.04.2016, 12:45 5336

Қарағанды облысында I тоқсанда бюджетке 803,5 млн теӊге мөлшерінде қосымша кіріс кірді

"Табыстыӊ осы бөлігі бойынша қосымша түсім 115,1 млн теӊге, немесе жылдық жоспар-тапсырманыӊ 32%-ын (359,7 млн теӊге) құрады ", - деді О.Чернявская.

Қарағанды. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында I тоқсанда бюджетке 803,5 млн теӊге мөлшерінде қосымша табыс табу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өӊір әкімдерімен және уәкілетті органдармен, мемлекеттік кіріс басқармасымен бірлесе отырып, 2016 жылы жергілікті бюджетке қосымша табыс табу іс-шараларыныӊ жоспары жасалды, ол 2016 жылғы 18 қаӊтарда 15 бөлік бойынша 3,7 млрд теӊге көлемінде бекітілген болатын. Ағымдағы жылдыӊ 1 тоқсанындағы жұмыстардыӊ қорытындысы бойынша облыстық бюджеттіӊ кіріс бөлігіне 28 млрд 629 млн теӊге қосылды, оныӊ ішінде төлемге тартылған 26 мыӊ 677 салық төлеуші бойынша қосымша табыс табу жөніндегі іс-шараларыныӊ жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 803,5 млн теӊге, немесе жылдық жоспар-тапсырманыӊ 21,9% көлемінде (3 млрд 667 млн теӊге) табыс табылды", - деп хабарлады бүгін өткен кеӊесте облыстық экономика және қаржы басқармасыныӊ басшысы Ольга Чернявская.

Оныӊ ақпаратына сәйкес, экономика және қаржы басқармасы бюджеттіӊ орындалуына талдау жасаған. Көрсетілген кезеӊ ішінде өӊір әкімдіктерініӊ жанындағы жұмыс топтары тауар саудасы бойынша ауқымды айналымы бар кәсіпорындардыӊ жалдамалы қызметкерлерініӊ санын, еӊбекақы қорын төмендетіп көрсетуі, сондай-ақ, экономика салаларындағы бейресми жұмыспен қамту мәселелері бойынша 69 шаруашылық субъектісініӊ (АҚ, ЖШС, шаруа қожалықтары, ЖК) қатысуымен 28 кеӊес өткізген.

"Табыстыӊ осы бөлігі бойынша қосымша түсім 115,1 млн теӊге, немесе жылдық жоспар-тапсырманыӊ 32%-ын (359,7 млн теӊге) құрады ", - деді О.Чернявская.

Оныӊ нақтылауынша, қосымша табыс табу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудан табылған 803 млн теӊге көлеміндегі қаражат бюджетті нақтылау кезінде өӊір бюджеттерініӊ кіріс бөлігініӊ жоспарын орындауға бағытталатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны