26.06.2014, 19:26 3711

Қарағанды облысында Индустрияландыру картасына енгізілетін жобалар қаралды

Қарағанды облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Индустрияландыру картасы, сонымен қатар іске асырылып жатқан "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы мен моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізуге ұсынылған бірқатар жобалар қаралды.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Қарағанды облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Индустрияландыру картасы, сонымен қатар іске асырылып жатқан "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы мен моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізуге ұсынылған бірқатар жобалар қаралды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индустрияландыру картасына енгізу үшін екі жоба ұсынылған. Олар "Қарағанды-нан" өндірісін кеңейту мен жаңғырту" және "Осакаровка ауданындағы "Табыс Агро Д" ЖШС асыл тұқым құру".

Жобаның біріншісінің жалпы құны 600 млн теңгеден асады. Қуаттылығы жылына 1800 тонна макарон және қатты бидай сұрыптарын шығаруға жетеді. Екінші жобаның құны шамамен 405 млн теңге көлемінде. Оның жобалық қуаттылығы 400 бас асыл тұқымды мал басы мен 25 тонна ет, ақшаға шаққандағы көрсеткіші 354 млн теңге. Қазіргі таңда мұнда 350 басқа арналған 4 мал шаруашылығы базасы құрылған және жұмыскерлерге арналған 40 екі пәтерлі үй салынған.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша "Kaz-metiz" ЖШС болат арқандар өндірісі жобасы мен "СП Оптим-кран Қазақстан" ЖШС дәнекер крандары өндірісі жобасы қаралды. Сонымен қатар, автожөндеу кәсіпкерлігіне күрделі жөндеу мен өзге де жобалар күн тәртібіне қойылды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Балқаш пен Теміртаудың жобалары талқыланды. Соның ішінде "Тастемір" ЖШС асфальтбетон өндірісін жаңғырту мен "Метал-Инвест KZ" ЖШС станок паркін жаңғырту және "Ткачев" ЖК жүк тасымалына техника алу жайы қарастырылды.

Шарада Қарағандыда индустриялды аймақ құру мәселесі де ортаға тасталды. Атап айтар болсақ аталмыш істің қолға алынуы жаңа кәсіпкерліктерге коммуналдық инфрақұрылымдар шығынын оңтайландыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны