07.06.2017, 12:15 2805

Қарағанды облысында ірі күн электр станциясы салынады

Қарағанды облысыныӊ Саран қаласы маӊында бүгін "SES Saran" ЖШС Орталық Азиядағы еӊ ірі күн электр станциясыныӊ құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтыӊ өкілдері. Жоба құны - шамамен 140 миллион еуро.

Қарағанды. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ Саран қаласы маӊында бүгін "SES Saran" ЖШС Орталық Азиядағы еӊ ірі күн электр станциясыныӊ құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтыӊ өкілдері. Жоба құны - шамамен 140 миллион еуро.

"Бүгін айтулы оқиға болып жатыр. Біз еӊ ірі күн электр станциясыныӊ құрылысын бастап жатырмыз. Бұл біздіӊ аймақтыӊ ЭКСПО-ға сыйлығы, - деді ашылу салтанаты барысында Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов. - Инвесторларға, серіктестерімізге жобаларын жүзеге асыруда Қарағанды аймағын таӊдағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Жаӊартылған энергия көздерін дамыту - ол Елбасыныӊ тапсырмасы. Бүгінгі таӊда облысымызда біз сол тапсырманы орындау үшін алғашқы қадамдар жасаудамыз".

Аймақ басшысы үлкен дайындық жұмыстары жасалғанын атап айтты. қазіргі уақытта заӊдық және қаржылық мәселелер шешілген, барлық рұқсат процедуралары орындалды. Күн электр станциясыныӊ құрылысына 160 га көлемінде жер учаскісі бөлінген. Жобаныӊ техникалық негіздемесі құрылып, сараптама қорытындысы алынды. "KEGOC" АҚ-мен бірге қуат шығару нұсқасы құрылды және құпталды, қосудыӊ техникалық шарттары алынды.

"Біздіӊ инвесторлар үшін бұған жетудіӊ жолы күрделі және ұзақ болды, олар бес жылдан артық уақыт жұмсады. Бұл істіӊ логикалық соӊы осы жерде Орталық Азиядағы еӊ үлкен күн электр станциясы іске қосылғанда болады",- деді Ерлан Қошанов.

Инвесторлардыӊ айтуынша қазіргі уақытта құрылыстыӊ басталуына барлығы дайын. Жоба бастамашылары Қазақстанда күн энергетикасын дамыту үшін барлық жағдай бар дейді. Қажетті аумақты таӊдауда жергілікті биліктіӊ қолдауы маӊызды рөл атқарған екен.

"Бұл жобаны сәтті жүзеге асыруға байланысты барлық негізгі мәселелер шешілген. Біз бүгін күн электр станциясыныӊ құрылысын бастадық, оны 2018 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біздіӊ электр станциямыз қазақстандықтардыӊ өмір сапасын жоғарылатуға септігін тигізетініне сенімдіміз. Біріншіден, бұл "жасыл" технологиялар және қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын әдіс. Екіншіден, жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуы", - деді жобаныӊ бас инвесторы Ян Зонненшайн.

Үкімет қаулысымен анықталған тұрақты бағаға электр энергиясын сатып алу электр станциясына көрсетілетін мемлекеттік қолдау болып есептеледі. Өз кезегінде аймағымыз тікелей шет елдік инвестиция мен қосымша таза электр энергиясына қол жеткізеді.

Белгіленген жер аумағында 370 мыӊ күн панельдері орнатылады. Бір жылдық электр энергиясыныӊ өндіріс көлемі 145 млн кВт/с құрайды. Станцияныӊ қуаттылығы - 100 МВт. Салыстырар болсақ, Саран қаласы 10 есе азырақ қуат жұмсайды.

"Бұл құрылысты біз негізі 2014 жылы дайындай бастадық. Сол уақыт аралығында Қазақстан "Жаӊартылған энергия көздері туралы" заӊ қабылдады. Еуропалық одақ тарапынан қолдау таптық. Жобаны жүзеге асыруда Қарағанды облысы кездейсоқ таӊдалған жоқ. Бұл ірі өндірістік аймақ, мұнда жақсы еӊбек ресурстары мен қажетті негіздар бар", - дейді бас ғылыми кеӊесші, Қазақстан мен Қырғызстандағы Словакияныӊ бұрынғы төтенше және уәкілетті елшісі Душан Подгорски.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны