25.07.2017, 23:15 4708

Қарағанды облысында кәсіпорындарды қайта жаӊғыртудан кейін сүт пен ет өӊдеу екі есе ұлғайтылады

Қарағанды облысында кәсіпорындарды қайта жаӊғырту жоспарлануда, бұл сүт пен ет өӊдеуді екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 25 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында кәсіпорындарды қайта жаӊғырту жоспарлануда, бұл сүт пен ет өӊдеуді екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысы бойынша Аграрлық өӊдеу кәсіпорындарын орналастыру картасына екі басым бағыт қамтылды. Біріншісі - сүт өӊдеу бойынша. Қазіргі күні өӊдеу үлесі жалпы көлемніӊ небәрі 9,7%-ын құрайды. Ұсынылған картаға сәйкес қазіргі бар алты кәсіпорынныӊ төртеуін қайта жаӊғырту көзделуде. Бір жаӊа сүт зауыты пайдалануға беріледі. Бұған қоса, қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларыныӊ арқасында Жаӊаарқа ауданында жеті жылдан астам уақыт жұмыс істемей тұрған бір кәсіпорынныӊ жұмысы қайта жанданады. Кәсіпорындардыӊ қуаттылығын іске қосу бес жылдан бері құрылып жатқан, 17-сі қазір бар 60-тан астам ауылшаруашылық кооперативтерініӊ есебінен жүзеге асырылады", - деді бүгін өткен үкіметтіӊ отырысында Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов.

Оныӊ айтуынша, "картада қарастырылған кәсіпорындардыӊ барлығыныӊ есебінен облыс бойынша сүт өӊдеу көлемі екі еседен астам өсуі мүмкін".

Екінші басым бағыт - ет өӊдеу. Өӊір басшысы атап өткендей, бүгінгі күні ет өӊдеу үлесі жалпы көлемніӊ 17,6%-ын құрайды, кәсіпорындардыӊ жүктемесі - 44%.

"Картаға сәйкес әрбір екінші әрекет етуші өндіріс орнын, яғни 14 кәсіпорынныӊ 7-еуін қайта жаӊғырту жоспарланған. Бұл облыс бойынша ет өӊдеу үлесін шамамен екі есе және қуаттылық жүктемесін - 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Қошанов.

Оныӊ айтуынша, картаға қазіргі бар өндіріс орындарыныӊ жүктемесін еӊ көп деӊгейде іске қосу, оны еӊ алдымен шикізат жинау логистикасын ұйымдастыру, сондай-ақ, кәсіпорындарды қайта жаӊғырту есебінен жүзеге асыру принципі негіз етіп алынды.

Сонымен бірге өӊір басшысы бүгінгі күні облыста бірқатар жұмыссыз тұрған және қуаттылығы толығымен іске қосылмаған, сондай-ақ, шикізат логистикасы ескерілмеген кәсіпорындардыӊ бар екенін атап өтті. "Басты проблемалар - айналым қаражатын толықтыру мен негізгі құралдарды сатып алуға, сондай-ақ, шикізат базасын толыққанды дамытуға жеӊілдетілген несиелердіӊ қолжетімсіздігі болып табылады", - деді Қошанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны