11.06.2018, 16:36 5389

Қарағанды облысында кесенелер мен тарихи жерлерге апарар жолдар жөнделе бастады

Қарағанды облысында туристерге сәулет және тарихи ескерткіштерге барар жолдарды жеӊілдету үшін шаралар қолдануда. 2018-ші жылы киелі мекендерге баратын жолдарды жөндеу үшін 2,7 млрд теӊге бөлінді.

Қарағанды. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында кесенелер мен тарихи жерлерге апарар жолдар жөнделе бастады.

Қарағанды облысында туристерге сәулет және тарихи ескерткіштерге барар жолдарды жеӊілдету үшін шаралар қолдануда. 2018-ші жылы киелі мекендерге баратын жолдарды жөндеу үшін 2,7 млрд теӊге бөлінді.

Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

- "Қасиетті Қазақстан" арнайы жобасы адамныӊ туған жерімен байланысына негізделген рухани дамуына бағытталған жоба. Бұрыӊғы заманнан Қарағанды индустриализация, шахталар, Карлагпен ассоциациялатын аймақ болған. Біз ол таптаурын пікірді бұзғымыз келеді. Қарағанды облысы Ұлытаудыӊ арқасында Қазақ мемлекеттілігініӊ бесігі деген дәрежені иеленгенін қалаймыз, - деді Ерлан Қошанов.

2017-ші жылы Қарағанды-Жезқазған автожолыныӊ жөндеуі басталды. Ол жұмыстар биылғы жылы аяқталады. Бұл Ұлытау ауданына жету қиындығына қатысты мәселені шешеді.

- Биылғы жылы біз Ұлытаудыӊ қасиетті нысандарына, Алаша хан мен Жошы ханныӊ кесенелеріне, жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын Хан ордасы мен Алтын Шоқы жеріне алып батарын жолдарды жөндей бастадық. Бұл мақсаттарға 2,7 млрд теӊге бөлінді, - деді облыс әкімі. - Бұған қоса, қасиетті жерлерге дейін баратын жолдарды салуға 5 млрд теӊгеден астам қаражат қажет. Біз сол жұмыстарды алдағы уақытта атқаруымыз керек.

Оныӊ мәлімдеуінше, 2017-ші жылы Ұлытауға 11 мыӊ адам барып қайтқан екен. Алайда туристер саны одан да көп болуы әбден мүмкін.

Ұлытау кентінде туристік инфрақұрылымды жақсарту үшін Визит-орталық салу жоспарланып отыр. Онда экскурсияларға тапсырыс беріп, бағыттар және қай жерлерде тоқтауға болатыны туралы ақпарат алуға болады.

Аймақтық картаға жергілікті маӊызы бар 43 қасиетті нысандар және 21 жалпы ұлттық нысан енгізілген. Барлығы облыста 2700 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны