02.03.2017, 17:04 5014

Қарағанды облысында көмір қыртысынан метан өндіру мен барлау бойынша екі жоба жүзеге асырылуда

Қарағанды облысында Шерубай-Нұра және Талдықұдық учаскелерінде көмір қыртысынан метан өндіру және барлау бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Тағы екі жобаға инвесторлар іздестіріліп жатыр.

Қарағанды. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында Шерубай-Нұра және Талдықұдық учаскелерінде көмір қыртысынан метан өндіру және барлау бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Тағы екі жобаға инвесторлар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы өӊірде геологиялық саланы дамытудыӊ перспективалары жөніндегі "Сарыарқа" ИКК басқарма төрағасыныӊ орынбасары Сергей Касимов мәлімдеді.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қарағанды көмір бассейнінде көмір қыртысынан метан өндіру және барлау бойынша жоба жүзеге асырылуда. ИКК портфелінде осы бағытта төрт жоба қолға алынған. Атап айтқанда, Шерубай-Нұра, Талдықұдық, Тентек және Қаражаршахан учаскелері. Болжамдарға сәйкес, аталған учаскелердегі метан ресурстары шамамен 150 млрд. текше м", - деді Сергей Касимов ИКК ірі жобалары туралы баяндамасын таныстыру кезінде.

Шерубай-Нұра учаскесінде жобаны "ҚазТрансГаз" АҚ жүзеге асырады, деді ол. Мұнда 8 ұӊғыма бұрғыланды, соныӊ ішінде бесеуі тәжірибелік-өнеркәсіптік және үшеуі барлау мақсатында.

"Іріктелген керн халықаралық зертханаларда зерттелді, олардыӊ нәтижесі бойынша учаскеніӊ перспективтілігі расталады. Қазіргі кезде метан өндірудіӊ техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде және оныӊ қорын есептеу жүргізілуде. Жоспар бойынша, есептер 2017 жылдыӊ екінші тоқсаныныӊ соӊында дайын болуы керек. Нәтижелерді алған соӊ "ҚазТрансГаз" Шерубай-Нұра учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу туралы мәселені қарастырады", - деді баяндамашы.

Талдықұдық учаскесінде бұрғыланған ұӊғымаларды игеру жүргізілуде. 2016 жылы көктемде метан қоры 1,7 млрд. текше м көлемінде бекітілді.

"Басқа екі учаскеде инвесторларды іздеп жатқандықтан, жұмыстар жүргізілмей жатыр. Келісімшарттыӊ әрекет ету мерзімін ұзарту керек. Аталған жобалар бойынша геологиялық жұмыстарды одан әрі жүргізу үшін 5,8 млрд. теӊге мөлшерінде ақша қаражатын бөлуге өтінім дайындалды және бағытталды. Қазіргі кезде осы жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды анықтау бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деді Сергей Касимов.

Жалпы, "Сарыарқа" ИКК портфелінде жер қойнауын пайдалану саласында - 63 жоба бар, соныӊ ішінде 21-і - өндіру, 42 - барлау. 55 жоба бойынша құны 5 млрд. теӊгеден асатын жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттар жасалады. Бірлескен кәсіпорындар 28 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие болды.

Қарағанды облысында 300 жуық келісімшарт жасалды. Соныӊ ішінде 200-і - қатты пайдаалы қазбалар, 66-сы - жалпыға тараған пайдалы қазбалар бойынша.

karaganda-region.gov.kz сайты

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны