23.05.2008, 17:37 3088

Қарағанды облысында тиімсіз бидай шаруашылығынан дәстүрлі мал шаруашылығына көшуде

Қарағанды облысында тиімсіз бидай шаруашылығынан дәстүрлі мал шаруашылығына көшуде

Алматы. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында "Құрғақ жерлерді басқару" жобасы тиімсіз бидай шаруашылығынан дәстүрлі мал шаруашылығына көшуге бағытталған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Илемдік банктің жоба жетекшісі Болат Өткелев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жобаның мақсаты бүгінде тасталып кеткен жерлерге көшудің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық пайдалылығын көрсету, яғни бидай шаруашылығынан дәстүрлі малшаруашылығына көшу", -деп мәлімдеді Б. Өткелев.

Жоба Қарағанды облысының Шет ауданында төртінші жыл жүзеге асырылып келеді. Оны жүзеге асыру үшін оған 9,7 млн доллар бөлінді.

Қаржыландырудың қомақты бөлігі жаһандық экологиялық қорынан бөлінсе, оның бір бөлігі республикалық бюджеттен беріліп отыр. Сондай-ақ жобаға фермерлер де атсалысуда.

Б. Өткелев айтқанындай бүгінгі кезде Орталық Қазақстанның жері өзгеріп тозып бара жатыр, өйткені онда мал жоқ. "Тепе-теңдік бұзылған, өсімдік пен мал бірге тіршілік етуі керек. Мысалы, бүгінгі кезде миллион сайғақ табынынан 50 мың бас қана қалды ", - деді ол.

Жоба жетекшісі атап өткеніндей, өткен ғасырдың 50-60 жылдары тың игеру науқаны бұл жерлерге үлкен зиян келтірді. "Соның салдарынан бұл жерлер 70 % гумусынан айырылды", - деп хабарлады Б. Өткелев.

Қазіргі уақытта ғалымдар 30 гектар жерге көп жылдық өсімдіктерді отырғызу арқылы жердің құнарын қалпына келтіруге тырысып жатыр. Сонымен бірге фермерлер тәжірибелік жайылымдарға өздерінің малдарын шығарып жүр.

"Малдарды сумен қамтамасыз ету үшін біз құдықтарды қалпына келтіріп жатырмыз. Сондай құдықтар суды көтеру құралдарымен қамтамасыз етеміз.

Бос жатқан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін малдарды ауылдан алыс жайылымдарға жаяды, сонымен бірге құдықтар да ауылдардан алыс жерлерде қазылған", -деп хабарлады жоба жетекшісі.

Оның сөздері бойынша бұл жобаны жүзеге асыру қолға алынғалы бұл ауданда мал саны 2,5 есеге артты, ал көршілес жатқан ауданда мал санының өсімі 40 пайызға ғана жеткен.

Сонымен қатар, ғалымдар жоба аясында өсімдіктер мен жер қатпарлары жерде парник эффектісінің пайда болуына әсер беретін көмір қышқыл газын сіңіретін жаһандық экологиялық мәселені шешуге тырысуда. Тәжірибенің қорытындысы Қазақстан үшін экономикалық маңыздылығы да бар, өйткені көміртек квотасының саудасы әлем бойынша ұлғая түсті", - деп айтылған жобада.

"Жоба аясында институттың мақсаты топырақтың көміртегіне е қаншалықты бай екендігін анықтау. Жобаның аумағы кең және ондағы көміртегі көлемі түрлі. Қазіргі кезде ғарыштан алынған ақпаратқа сәйкес жер қатпарларының картасы жасалуда. Топырақтың түрлері зерттелуде. Топырақтық химиялық сараптамасы жасалғаннан кейін барлық аумақтағы көміртек көлемі санала бастады", - деп хабарлады топырақтану және агрохимия ҒЗИ бөлім меңгерушісі Константин Пачикин.

Ғалымдар жоба аясында жерді өңдеудің түрлі тәсілдерінің көміртегі қорына қалай әсер беретінін анықтап бағаламақшы.

Тәжірибе нәтижелері шыққан кейін пайдалы білім Қазақстанның басқа аумақтарына, Орталық Азияға, әлемде ауа райы ұқсас басқа мемлекеттерге таратылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны