03.07.2009, 13:56 2631

Қарағанды облысында жоғары сапалы цемент өндіретін жаңа технологиялық желі іске қосылды

Қарағанды облысында жоғары сапалы цемент өндіретін жаңа технологиялық желі іске қосылды

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Ақтау кентінде жоғары сапалы цемент өндіретін жаңа технологиялық желі іске қосылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бірнеше минуттан кейін бір индустриялық -инновациялық жоба - құрғақ тәсілмен жоғары сапалы цемент өндіретін жаңа технологиялық желі іске қосылды", - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, құны $150 млн тұратын желі - "сіздің отандық құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмаңыздың нақты жүзеге асырылуы болмақ".

Икімнің ақпаратына жүгінсек, "желі цемент өндіру көлемін екі есе арттырып, оны жылына 1 млн 800 мың тоннаға жеткізуге, жоғары сапалы М500 маркалы цемент шығаруға және қосымша 240 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны