18.07.2017, 21:53 4596

Қарағанды облысындағы кәсіпкерлерге малдыӊ терісі мен жүндерін өӊдейтін өндіріс ошақтарын ашу туралы ұсыныс жасалды

Шет ауданыныӊ актив отырысында жергілікті малшылар мен кәсіпкерлерге ірі және ұсақмалдыӊ терісімен жүндерін өӊдейтін өндіріс ошақтарын ашу туралы ұсыныс жасалды. Ауданда бұл өндірістерге сұраныс бар. Себебі соӊғы жылдары мал басыныӊ өсімі байқалуда.

Қарағанды. 18 шілде. Kazakhstan Today -Шет ауданыныӊ актив отырысында жергілікті малшылар мен кәсіпкерлерге ірі және ұсақмалдыӊ терісімен жүндерін өӊдейтін өндіріс ошақтарын ашу туралы ұсыныс жасалды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ауданда бұл өндірістерге сұраныс бар. Себебі соӊғы жылдары мал басыныӊ өсімі байқалуда. 2016-шы жылы 597 шаруа қожалықтары 689 млн теӊгеге субсидия алды. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 631 бас ІҚМ, "Алтын-Асық" бағдарламасымен 1632 ұсақ мал, "Құлан" бағдарламасымен 418 бас жылқы алынды. Ағымдағы жылдыӊ 5 айында Шет ауданында 6 млрд. Теӊгеден астам сомаға ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Ақадыр кентінде өткен жылы сүт қабылдау бекеті ашылды. Ақжал кентінде қуаттылығы айына 4 тонна сүт өӊдейтін цех ашылмақ. Бұл өндіріс орындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген.

Шет ауданында жақын уақытта өзініӊ сүт сауатын цехін "Жандос" шаруа қожалығы ашуды жоспарлап отыр. 2003-ші жылдан бері жүмыс істеп келе жатқан кәсіпорын негізі ет өндірумен айналысатын. Ал биылғы жылдан бастап сүт өнімдерін де шығаруды көздеп отыр. Шаруа қожалығында 600 бастан астам "Симменталь" тұқрымды сиырлар бар.

"Міне, осы секілді кәсіпкерлерге түрлі қолдау көрсетілуі тиіс, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. - Олар тек өз бизнесін дамытып қана қоймай, "Туғанжер" бағдарламасы бойынша да қыруар жұмыс атқарып жатыр. Бұл шаруа қожалығыныӊ иелері өздері туып-өскен ауылдарында осындай ауқымды нысан құрғандары өте тамаша".

"Жандос" шаруа қожалығыныӊ иелері өз ісініӊ дамуына 1 млрд 200 млн теӊге қаражат жұмсаған. Олар сондай-ақ, өз аумағында 3 мыӊ қарағай, 200 алма ағашын, 200 шие ағашын, қарақат, алмұрт, қайыӊ мен тал екті. Шаруа қожалығыныӊ жалпы аумағы 12 мыӊ гектарды құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны