09.06.2016, 23:50 5210

Қарағанды облысыныӊ әкімі Астана мен Алматыны жалғастыратын көлік дәлізін қайта жаӊғырту барысымен танысты

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков бүгін Орталық-Оӊтүстік көлік дәлізініӊ, Астана-Қарағанды - Балқаш - Алматы автожолыныӊ бөліктерін аралап, жол салу жұмыстарыныӊ барысымен танысты, деп хабарлайды әкімніӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков бүгін Орталық-Оӊтүстік көлік дәлізініӊ, Астана-Қарағанды - Балқаш - Алматы автожолыныӊ бөліктерін аралап, жол салу жұмыстарыныӊ барысымен танысты, деп хабарлайды әкімніӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, Ибдібеков еӊ алдымен Баймырза кенті мен Теміртау қаласы арасын қосатын жол бөлігіндегі жұмыстардыӊ барысымен танысты. Жолдыӊ бұл бөлігін қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ жалпы құны 10 512,751 млн теӊгені құрайды. Жол салу жұмыстарыныӊ барысында бұл бөлікте 2 жол торабын және үш өтпежол, 1 жер асты өткелі мен 38 бірлік су өткізу құбырын салу қарастырылған. Мердігер облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыстардыӊ барысын егжей-тегжейлі таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан әрі өӊір басшысы Ошағанды кентіндегі жол бойындағы қызмет нысандарыныӊ құрылыс барысымен танысты. Бұл жерде 30 орынға арналған қонақүй, асхана, техникалық қызмет көрсету бекеті, жеӊіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ орналасатын болады. Жобаныӊ құны - 408 455 мыӊ теӊге. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Осакаровск ауданыныӊ әкімі Қайрат Шайжановтыӊ айтуынша, жол бойындағы қызмет нысандарын барынша тиімді дамыту үшін демалыс алаӊдары жер телімдерініӊ аумағын ұлғайта отырып, барынша тиімді жерлерге көшірілген.

Қазіргі жағдай бойынша байқау процедуралары өткізіліп, жол бойындағы қызмет алаӊдарын егжей-тегжейлі жоспарлау жөніндегі жобалаушы ұйым ретінде Теміртаудыӊ сәулет және қала салу орталығы анықталды. Жобалау жұмыстары шілде айыныӊ ортасында аяқталады деп көзделген, бұдан кейін жер телімдері өзгертіледі және қала құрылысы жөніндегі кеӊестіӊ қатысуымен сауда-саттық жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, жол бөліктерін аралау барысында облыс әкімі бұл алаӊдардағы нысандардыӊ орналастырылуы 1В санатты заманауи ұлттық стандарттарға сәйкес келуі қажеттігі жөнінде, атап айтқанда, жанармай тарату бекеттері, кемпинг, автокөлік жуу бекеті, техникалық қызмет көрсету бекеті, қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда орындары, автобустар, жеӊіл және жүк көліктерін жеке-жеке қоятын тұрақтардыӊ болуы қажеттігін айтып тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, ақпаратқа сәйкес, "Осакаровка кентініӊ айналмасын" қайта жаӊғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлікте цементтібетон төселіп жатқан жерде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ҚОФ директоры облыс әкімін жұмыс барысымен таныстырды. Оныӊ айтуынша, екі жолақтан тұратын жол бөлігініӊ ұзындығы 20,9 х 2 шақырымды құрайды, бүгінгі күнге дейін 24 шақырымнан астамы тартылған. Бұл бөлікте 37 су өткізу құбырларын, 6 көпір мен мал айдайтын өткелдер, 3 өтпежол және 3 жол айрығын салу қарастырылған.

Өӊір басшысы Астана мен Алматыны жалғастыратын көлік дәлізін қайта жаӊалау жұмыстары инфрақұрылымды дамыту жөніндегі "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылуда екенін атап өте отырып, жол жөндеу және жол тарту жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны