27.04.2016, 15:05 3381

Қарағанды облысыныӊ әкімі инвесторларды ғылыми сыйымдылығы мол жобаларға қатысуға шақырды

"Экономиканыӊ бәсекелестік қабілеттілігін арттырудыӊ маӊызды бір шарты оныӊ ғылыми сыйымдылығы екені баршаға мәлім. Осы мақсатта біз ғылымды сапалық жаӊаша деӊгейге көшіруге мүмкіндік беретін келешегі зор ғылыми-техникалық бағыттарды анықтадық. Біздіӊ ЖОО-да қызғылықты жобалар мен жасамалар көп. Оларға инвесторлар қажет және біз осы саладағы ынтымақтастыққа да сіздерді шақырамыз", - деді Ибдібеков IV Инвестициялық форум барысында.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков инвесторларды ғылыми сыйымдылығы мол жобаларға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Экономиканыӊ бәсекелестік қабілеттілігін арттырудыӊ маӊызды бір шарты оныӊ ғылыми сыйымдылығы екені баршаға мәлім. Осы мақсатта біз ғылымды сапалық жаӊаша деӊгейге көшіруге мүмкіндік беретін келешегі зор ғылыми-техникалық бағыттарды анықтадық. Біздіӊ ЖОО-да қызғылықты жобалар мен жасамалар көп. Оларға инвесторлар қажет және біз осы саладағы ынтымақтастыққа да сіздерді шақырамыз", - деді Ибдібеков IV Инвестициялық форум барысында.

Оныӊ айтуынша, өӊірде ғылым мен өндірістіӊ өзара байланысына "Сарыарқа" техносаябағы айқын үлгі бола алады. "Оныӊ негізінде инновациялық жобаларды алға жылжыту, ғылыми идея немесе белгілі бір жасалымды жүзеге асыру үшін инвестор іздеуге қажетті жағдайлардыӊ бәрі жасалған", - деді өӊір басшысы.

Облыста бұған қоса жоғарғы деӊгейде дамыған "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әрекет етеді. Ибдібековтыӊ айтуынша, АЭА аумағында жобаларды жүзеге асыру өӊірде озық технологияларды қолданысқа енгізуге, экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаӊа өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні АЭА-қа шетелдік және отандық бизнес-құрылымдардыӊ қай-қайсысы да қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ, әкімніӊ сөзіне жүгінсек, Қарағанды облысы пайдалы қазбаларға бай. "Өӊірде еліміз бойынша аса ірі Қарағанды көмір бассейні орналасқан. Мұнымен шектелмей, өӊірдіӊ басқа пайдалы қазбаларға да қойнауы толы: марганец, қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін элементтер т.б. Темір және полиметалл кені, кварц, мәрмәр, гранит, жартылай құнды және асыл тастардыӊ қоры игерілуде. Сонымен біруақытта біз тек шикізат ресурстарына ғана тәуелділіктен ада экономика құруға бағдар ұстап отырмыз. Мемлекеттік индустриялық-иннвациялық даму бағдарламасыныӊ негізінде біз экономика салаларын әртараптандыру, оныӊ барынша жоғары еӊбек өнімділігіне бағдарлануы және заманауи тиімділігі жоғары технологияларды қолдану арқылы тұрлаулы экономикалық өсімге қол жеткізуге ниеттеніп отырмыз", - деді Ибдібеков.

Оныӊ айтуынша, инвестиция салу үшін келешегі зор салаларға машина жасау және металл өӊдеу, химия және көмірхимиясы, энергетика, құрылыс материалдарыныӊ өндірісі, жеӊіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Ауылшаруашылығына, шағын кәсіпкерлік және туризм саласына жұмсаған қаражат тиімділік көрсетуде.

Ибдібеков туризм саласындағы жобаларды ерекше атап өтті. "Біз туристік орталықтар құру бойынша күрделі жобалар жасап отырмыз. Облыс Қазақстанныӊ ұлы даласы - тарихи-географиялық Сарыарқа өӊірініӊ басым бөлігін иеленеді. Мұнда Қарқаралы таулы-орманды оазисі, бірегей Балхаш көлі, дала өркениетініӊ көшпенді мәдениетініӊ орталығы Ұлытау, Алаша хан мен Жошы хан кесенелері орналасқан, Ұлы Жібек Жолы біздіӊ өӊірдіӊ аумағы арқылы өткен және атышулы Қоянды жәрмеӊкесі әрекет етті. Облыста бүркіт және қыран секілді ілгіш құстармен жасалатын элиталық құсбегілік дамығанын да қоса айта кетейін", - деді ол.

"Қарағанды облысы - салт-дәстүрлер өӊірі және келешектіӊ өӊірі. Бұл - айқара ашық мүмкіндіктер өӊірі. Біз инвесторлардыӊ барлығына қолдау көрсетуге дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз", - деді Ибдібеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны