27.04.2016, 13:47 3134

Қарағанды облысыныӊ әкімі инвесторлардыӊ басына түскен тауқыметтерді тікелей шешуге әзірлік танытты

Бүгін өткен IV Инвестициялық форумға қарысушыларға қаратып айтқан сөзінде Ибдібеков инвестиция тарту және жобаларды жүзеге асыруға бағытталған тиімді жұмыстарға мысал ретінде РФ Калуга облысын атады.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков инвесторлардыӊ басына түскен тауқыметтерді тікелей шешуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін өткен IV Инвестициялық форумға қарысушыларға қаратып айтқан сөзінде Ибдібеков инвестиция тарту және жобаларды жүзеге асыруға бағытталған тиімді жұмыстарға мысал ретінде РФ Калуга облысын атады.

"Ақтөбе облысындағы жұмыс барысында біз Калуга өӊірініӊ тәжірибесін зерделеу үшін арнайы барып қайтқанбыз. Онда Калуга облысыныӊ губернаторы Атаманов мырзамен кездестік. Ол өӊір басшысы ретінде инвесторлармен арақатынасқа қатысты бір қызғылықты ойын ортаға салған болатын. Ол: "Жобаны жүзеге асыру жайлы инвестормен келісімге келу барысында мен кейде оларға өзімніӊ ұялы телефонымныӊ нөмірін беріп, ол бойынша тәулік бойы туындаған сұрақтарымен қоӊырау соға алатынын айтамын. Өзім тікелей араласып мәселелерді шешім беремін дейтін көрінеді. Мен осы қадамға баруға дайынмын", - деп мәлімдеді Ибдібеков.

Осы орайда ол Қарағанды облысында жұмыс істейтін инвесторлармен өӊір әкімшілігі тура байланыста екенін атап өтті.

"Қызығушылық танытушылардыӊ барлығымен тікелей жұмыс істеуге дайынмын. Жобаны жүзеге асыру барысында туындайтын және туындауы мүмкін мәселелерді шешуге жәрдемдесетін боламын, өкінішке орай, еӊсеру қажет болатын ондай жағдайларда кейде әкімшілік ресурс пайдаланылатыны жасырын емес. Осындай форматта да жұмыс істеуге әзірмін. Тиімді болады деп ойлаймын", - деп қорытты сөзін өӊір басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны