29.01.2009, 18:47 3240

Қарағанды облысының әкімі қысқартылуы мүмкін жұмысшылардың аймақтық болжамдық картасының тұсауын кесті

Қарағанды облысының әкімі қысқартылуы мүмкін жұмысшылардың аймақтық болжамдық картасының тұсауын кесті

Қарағанды. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қысқартылуы мүмкін жұмысшылардың аймақтық болжамдық картасының тұсауын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үкімет басшысының Қарағанды облысына сапарының бағдарламасы Теміртауда жалғасты. Мұнда премьер "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның ыстық мырыштау және алюминийлеу цехында болды.

Бұдан кейін "Арселор Миттал Теміртау", "Централ Азия Цемент", "Қазақмыс" компанияларының басшылығының, облыс әкімі мен Теміртау қаласы басшылығының қатысуымен өткен кеңеске қатысты.

Кеңесте Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қысқартылуы мүмкін жұмысшылардың аймақтық болжамдық картасының тұсауын кесті. Бұл - еліміздегі осындай тұңғыш құжат. Онда дағдарысқа байланысты экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда жасалатын нақты іс-әрекеттердің айқын жоспары жасалған.

Икімнің айтуынша, аймақтық болжамдық картада 160 мыңнан астам адамды қамтитын 197 кәсіпорын бар.

"Біздің барлық дағдарысқа қарсы шараларымыз елде жұмыссыздыққа жол бермеуге бағытталған. Егер барлық мақсаттар орындалса, облысқа экономикалық дағдарыс бәсең ықпалын тигізбек", -деді Кәрім Мәсімов.

"Біз адамдарды, мамандардың әлеуетін сақтап қалуға тиіспіз, жұмыс қарқынын төмендетпеуіміз керек", - деді премьер.

Ақтау кентінде "Централ Азия Цемент" кәсіпорнында 1532 адам жұмыс істейді, жағдай нашарласа 960 адамды босату жоспарлануда. "Қазақмыс" корпорациясында 4,5 мың адам жартылай жұмыс күніне көшті.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ бас директоры Франк Паннирдің айтуынша, кәсіпорында дағдарысқа байланысты бір де жұмысшы қысқартылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны