11.09.2017, 18:00 4156

Қарағанды облысыныӊ әкімі ТКШ дамыту үшін Еупопалық қайта құру және дамыту банкімен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Сонымен қатар аппараттық жиналыста туризм мәселесі талқыланды. Ерлан Қошанов Балқаш, Приозерск қалаларында, Ұлытау және Қарқаралы аудандарында туристерді тарту үшін инфрақұрылымды дамыту жоспарын құруды тапсырды.

Қарағанды. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағанды облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиналыс барысында 4-ші қыркүйекте Парламент палаталарыныӊ біріккен отырысында айтылған Елбасыныӊ тапсырмалары талқыланды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бірінші мәселе қоғамдық сананы жаӊғырту бағдарламасын жүзеге асыру төӊірегінде болды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл бағытта аймағымызда жемісті жұмыстар атқаралып жатқанын тілге тиек етті: облыста 275 шара жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 7 млрд теӊгені құрайтын жобалар іске қосылған, оныӊ ішінде 4 млрд теӊге - жеке инвестициялар.

Ир бағыт бойынша аймақ басшысы нақты тапсырмалар берді.

- Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ біздіӊ алдымызға қойған міндеттердіӊ бірі - осы жылдыӊ соӊына дейін аймақтағы жалпы ішкі өнім өсімін 2,1%-ға дейін жеткізу, - деді Ерлан Қошанов. - Біз облыс бойынша орындалатын шаралар жоспарын құрдық, барлық аймақтарда ол орындалуы тиіс. Асылбек Дүйсебаев, сізге бұл жағдайды бақылауға алуыӊызды, ал желтоқсан айында келесі жылға арналған жоспар ұсынуыӊызды тапсырамын. Басты назар мультипликативті нәтиже беретін бағыттарға аударылуы тиіс.

Келесі бағыт - ТКШ жаӊғырту. Ел Президенті бұл саланы потенциалды инвесторлар үшін тартымды болатындай етуді, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін кеӊірек қолдануды тапсырды. Бұл ретте облыс әкімі Еупопалық қайта құру және дамыту банкімен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылауды тапсырды.

Аграрлық-өнеркәсіп кешенін дамытуға да ерекше көӊіл бөлінді.

- Басым бағыттарға ерекше көӊіл бөліп, жаӊа резервтерді іздеу керек, мен ол туралы барлық іс сапарларымда айтудан жалықпаймын, - деді Ерлан Қошанов. - Ол дегеніміз жерлерді игеру, егістік алқаптарына майлы дақылдар мен бұршақ секілді еӊ қажетті дәнді-дақылдарды егу. Мал шаруашылығында жем өндірісін үдету керек. Барлық аймақтарда мал басыныӊ азаюы байқалуда. Ауылшаруашылық кооперативтеріне ерекше назар аудару керек. Біздіӊ көптеген аудандарымызда кооперативтер тек қағаз жүзінде ғана. Оған мен жұмыс сапарларымныӊ барысында көз жеткіземін.

Жағдайды түзету үшін аймақ басшысы ауылшаруашылық кооперативтері қалай құрылып, сонан соӊ қаншалықты жұмыс істейтінін бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар аппараттық жиналыста туризм мәселесі талқыланды. Ерлан Қошанов Балқаш, Приозерск қалаларында, Ұлытау және Қарқаралы аудандарында туристерді тарту үшін инфрақұрылымды дамыту жоспарын құруды тапсырды.

Жиналыс соӊында Ерлан Қошанов Елбасыныӊ жаӊғырту барлық күшті жұмылдыруды талап етеді, сондықтан жергілікті атқарушы органдар барынша ынтамен және бірлесіп жұмыс істеуі керек деген сөздерін еске салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны