27.04.2016, 12:28 3325

Қарағанды облысыныӊ экономикасына жыл сайын 300 млрд астам теӊгеніӊ инвестициясы салынады

"Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық әрдайым өзара тиімді серіктестік негізінде құрылады. Мұндай жұмыстар оӊ нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, өӊір экономикасына салынатын инвестицияныӊ жалпы көлемі орта есеппен 300 млрд теӊгеден асады", - деді бүгін Ибдібеков IV Инвестициялық форум барысында.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ экономикасына жыл сайын 300 млрд астам теӊгеніӊ инвестициясы салынады, деп мәлім етті облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық әрдайым өзара тиімді серіктестік негізінде құрылады. Мұндай жұмыстар оӊ нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, өӊір экономикасына салынатын инвестицияныӊ жалпы көлемі орта есеппен 300 млрд теӊгеден асады", - деді бүгін Ибдібеков IV Инвестициялық форум барысында.

Облыс әкімі атап өткендей, бүгін басталған инвестициялық форум алаӊы барлық өӊірлер үшін ашық. "Бүгінгі форумға қатысушылар Қарағанды өӊірініӊ жобаларымен қатар Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары ұсынған жобалармен де таныса алады. Өӊірлердіӊ бәрі Қазақстанныӊ экономикалық өсіміне үлес қосатын жаӊа жобаларды жүзеге асыру және іске қосуды мақсат тұтып отығандықтан, біз осындай форматы саналы түрде таӊдап алдық", - деді ол.

Ибдібеков атап өткендей, өӊіраралық кооперация өӊірлердіӊ барлығы үшін маӊызды бағыт болып табылады. Бүгінгі форум аясында Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдіктерімен өӊіраралық кооперация және ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойылды.

"Мейлі Қазақстандық, мейлі шетелдік болмасын, жаӊа жобаларға қаражат салып, жаӊа жұмыс орындарын құратын, салық түсімін қамтамасыз ететін, озық технологияларды қолданысқа енгізетін кез-келген инвестор біздіӊ өӊір үшін сыйлы қонақ екенін баса атап өткім келеді", - деп мәлімдеді облыс әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны