27.04.2016, 19:01 3883

Қарағанды облыстық әкімдігі инвестициялық келісімдер бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойды

Қарағанды облыстық әкімдігі бүгін "KaragandaInvest-2016" Халықаралық форумы шеӊберінде Қарағанды облысыныӊ экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы ынтымақтастық шарттарын айқындайтын жергілікті және халықаралық меморандумдар мен инвестициялық келісімдерге қол қойды

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық әкімдігі бүгін "KaragandaInvest-2016" Халықаралық форумы шеӊберінде Қарағанды облысыныӊ экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы ынтымақтастық шарттарын айқындайтын жергілікті және халықаралық меморандумдар мен инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды форум баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ өӊіраралық ынтымақтастығы туралы меморандумға Атырау облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Гумар Дүйсембаевпен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Мұхтар Манкеевпен бірлесіп қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сондай-ақ, инвестициялық форум шеӊберінде Қарағанды облыстық әкімдігі Қарағанды облысыныӊ экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы ынтымақтастық шарттарын айқындайтын меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР Қарағанды облысыныӊ әкімдігі мен Түркия Республикасыныӊ Эскишехир провинциясыныӊ үкіметі арасындағы 2016-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық және туыстастық байланыс орнату туралы келісімді жүзеге асыру іс-шараларыныӊ жоспарына қол қойылды.

Global Lime Industries ЖШС жүзеге асырып отырған металлургиялық, химиялық және азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарыныӊ мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін бірінші сұрыпты әктас өндіру зауытын салу жобасына қатысты Қарағанды облысыныӊ әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Зауыт Осакаровск ауданында салынады. Жаӊа зауытты іске қосу нәтижесінде 105 жаӊа жұмыс орнын құруға мүмкіндік тумақ.

Бұған қоса Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясыныӊ мердігері - "Топан" ЖШС (Орал қаласы) және "Қазақстанныӊ метрология институты" РМК (КазИнМетр) (Қарағанды қаласы) арасындағы тексеру мақсатындағы газ қоспасын өндіруге бағытталған ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды. Қарашығанақ кенішініӊ мұқтаждықтарына арнап Жергілікті үлесті дамыту бағдарламасыныӊ шеӊберінде бұған дейін шетелдік жеткізушілерден сатып алынып келген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті жерден алу арқылы Қазақстанда өндірілген тексеру газыныӊ жеткізілімін қамтамасыз ету мүмкіндігі КПО бастамасымен жүзеге асты. Шартқа КПО мен Қарағанды облысыныӊ әкімдігі арасындағы өзара түсіністік туралы 2015 жылғы 9 желтоқсандағы меморандумды жүзеге асыру бойынша КПО, Қарағанды облысыныӊ әкімдігі мен Қарағанды облыстық кәсіпорындардыӊ қатысуымен өткізілген кездесулер топтамасыныӊ нәтижесінде қол қойылып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Форум ұйымдастырушыларыныӊ хабарлауынша, іс-шараға шағын және орта бизнес, келешек инвестор -компаниялар, ұлттық компаниялар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарыныӊ 1035 өкілі мен алыс-жақын шетелдерден өкілдер қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны