Система Orphus

Қарағандыда ағымдағы жылы оқ-дәрі өндіретін зауыттыӊ құрылысы аяқталады

14.04.2017, 15:47 967

Қарағанды. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда ағымдағы жылы оқ-дәрі өндіретін зауыттыӊ құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қорғаныс министрініӊ орынбасары Талғат Жанжүменов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылы Қарағандыда оқ-дәрі өндіретін зауыттыӊ құрылысы аяқталады. Зауыттыӊ өндірістік қуаттылығы бір ауысымдағы жұмыс кезінде 30 млн оқ-дәрі өндіруге есептелген", - деді Жанжүменов.

Оныӊ хабарлауынша, сондай-ақ, "2018 жылдан бастап қарулы күштер, басқа әскер түрлері мен әскери жасақтарға арнап төрт түрлі номенклатура бойынша оқ-дәрі жеткізілімі басталады".

Осы орайда еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын бұған дейінгі облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков хабарлағандай, Қарағанды қаласында "Сарыарқа" арнаулы экономикалық аймағыныӊ аумағында канадалық технология бойынша Қорғаныс министрлігініӊ мұқтаждықтары үшін оқ-дәрі зауытыныӊ құрылысы басталған болатын.

Бұл ретте, Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі бұдан бұрын құрылыс алаӊыныӊ жалпы аумағы 26 400 шаршы метрді құрайтынын хабарлаған болатын. Бұл зауытты іске қосу Қазақстанға атыс қаруына арналған оқ-дәрі өндіруші елдердіӊ тізіміне ұзақ мерзімге енуге мүмкіндік береді.

Оқ-дәрі өндіретін құрал-жабдықты Канаданыӊ Waterbury Farrel компаниясы жеткізеді. Қазақстанныӊ оқ-дәрі өндіретін зауыты жылына 30 млн дананы құрайтын өндірістік қуаттылықпен оқ-дәрі өндіретін заманауи құрал-жабдықпен жарақтандырылмақшы. Технологиялық құрал-жабдық инновациялық технологияларды пайдалана отырып әлемдік сапа стандарттарына сай келмек. Құрал-жабдықты монтаждап іске қосу жұмыстары 2017 жылы жүзеге асырылады. Өндіріс қызметкерлерін оқыту монтаждау жұмыстарымен үйлестіріле жүргізіледі. Жаӊадан 164 жұмыс орны құрылады. Осылайша, кеӊ ауқымды қолданыстағы оқ-дәрі өндіретін бүтін кластер құру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны