27.04.2016, 10:21 3265

Қарағандыда халықаралық инвестициялық форум ашылды

Форум қарсаӊында Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында іс-шараға қатысушыларға жалпы инвестиция сомасы шамамен 1,5 трлн теӊгені құрайтын 151 жобаны қамтитын каталог таныстырылатынын хабарлаған болатын.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда "KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Форум қарсаӊында Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында іс-шараға қатысушыларға жалпы инвестиция сомасы шамамен 1,5 трлн теӊгені құрайтын 151 жобаны қамтитын каталог таныстырылатынын хабарлаған болатын.

"Инвестициялық форумда Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады. Нақты жобалар үшін кредит қаржысын банктер тікелей беруді жоспарлап отырған келісімдерге қол қоюға ниетіміз бар. Бірақ біз, айталық, 500 млрд теӊгеге 50 меморандумға қол қойылатыны туралы жар салмаймыз. Инвестициялық қызмет дегеніміз бір ғана форуммен біте қалатын шаруа емес. Форум аясында инвестициялық жобалар бірден дүниеге келмейді, бұл тек ауқымды жұмыстардыӊ бастамасы ғана. Біз тек тұсаукесерін ғана жасаймыз, жұмыстыӊ барлығы форумнан кейін басталады", - деді ол.

Форум аясында өӊір үшін аса маӊызды болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі, құрылыс индустриясы және туризм секілді бағыттарда келешек инвесторларға арналған инвестициялық жобалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса Қарағанды облысындағы өӊірлік компаниялар мен кәсіпорындардыӊ тікелей шетелдік инвестициялар тарту үшін ашылған әрекет етуші таӊдаулы жобалары назарға ұсынылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

"KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумын Қарағанды облысыныӊ әкімдігі мен "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны