20.04.2016, 23:36 5363

Қарағандыда халықаралық инвестициялық форум өтеді

Форум аясында өӊір үшін аса маӊызды болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі, құрылыс индустриясы және туризм секілді бағыттарда келешек инвесторларға арналған инвестициялық жобалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса Қарағанды облысындағы өӊірлік компаниялар мен кәсіпорындардыӊ тікелей шетелдік инвестициялар тарту үшін ашылған әрекет етуші таӊдаулы жобалары назарға ұсынылады.

Қарағанды. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда 27 сәуірде "KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды ұйымдастыру комитетіндегілер.

Форум аясында өӊір үшін аса маӊызды болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі, құрылыс индустриясы және туризм секілді бағыттарда келешек инвесторларға арналған инвестициялық жобалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса Қарағанды облысындағы өӊірлік компаниялар мен кәсіпорындардыӊ тікелей шетелдік инвестициялар тарту үшін ашылған әрекет етуші таӊдаулы жобалары назарға ұсынылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""KaragandaInvest-2016" форумына қатысушылар шетелдік өкілдермен танысу, келешек инвесторларға өз инвестициялық жобаларын таныстыру, сондай-ақ, Қарағанды облысыныӊ басшылығына өздерін қызықтырған сауалдарды қоюға бірегей мүмкіндік алады. "KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумын Қарағанды облысыныӊ әкімдігі мен "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырғалы отыр, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардыӊ ақпаратына сәйкес, форум Қазақстанныӊ инвестициялық және инновациялық келешегініӊ көкжиектерін талқылау үшін құрылған, бизнес пен мемлекет арасында тиімді диалог орнату, сондай-ақ, Қарағанды облысындағы ауқымды жобалардыӊ тұсаукесеріне бағытталған заманауи алаӊқайға айналмақ. Бұл инвестиция іздестіру және алу, инновациялармен, технологиялармен және оларды қолдану тәжірибесімен алмасуға арналған орталықтандырылған тұғырнама болмақ.

Бүгінгі Қарағанды облысы - Қазақстанныӊ минерал түрлері мен шикізатқа бай аса қуатты индустриялық және өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Бұл - солтүстік пен оӊтүстікті, батыс пен шығысты бір жерде тоғыстыратын, ғылыми, экономикалық және мәдени әлеуеті бойынша еліміздегі жетекші өӊір. Кейінгі жылдарда жақсы ойластыра отырып жүргізілген инвестициялдық саясат облыс аумағы мен арнаулы экономикалық аймақта сәтті әрекет етіп жатқан барынша өзекті және биік мақсатты инновациялық жобаларды іске қосуға серпін берді. Өӊір шағын, орта және ірі бизнес өкілдерін, мемлекеттік және шетелдік ұйымдарды даму мақсатына тиімді тарта отырып, өз әлеуетін зор қарқынмен өсіре түсуде.

Форумға шағын және орта бизнес, келешек инвестор -компаниялар, ұлттық компаниялар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарыныӊ 500-ден астам өкілдері келеді деп күтілуде. Форум шеӊберінде халықаралық меморандумдар мен инвестициялық келісімдерге қол қойылмақшы.

Форумға PwC Евразия басқарушы серіктесі Марк Хэнни модератор болмақ. Расталған мәліметтерге сәйкес, "KaragandaInvest-2016" форумында ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрі Исет Исекешев, Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев, "Қазгеология" "Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов, "ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі Роза Асанбаева, Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов, Герман экономикасыныӊ Орталық Азиядағы өкілдігі басшысыныӊ орынбасары Ғалия Джунусалиева, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тілеушин, "SAT & Company" директорлар кеӊесініӊ мүшесі, басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, "KAZNEXIVEST" Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетініӊ төрағасы Базарбай Нұрабаев және "Джефферсон Траст Гонконг" өӊірлік директоры Зехни Фурузонфар мырзалар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Форум бағдарламасы:

9.00 - 10.00 Форумға қатысушыларды тіркеу. "Қарағанды облысында жасалған" инвестициялық жобалардыӊ көрмесі.

10.00 - 12.00 Жалпы отырыс.

12.00-14.00 "Жер қойнауын пайдалану және энергетика: Дәстүрлі салаларға жаӊаша көзқарас", " Қарағанды облысыныӊ агроөнеркәсіптік әлеуетін жүзеге асыру" және "Қарағанды облысы - инвестициялардыӊ жаӊаша көкжиектері" панельдік бөлімдері.

12.00 - 12.15 Меморандумдар мен келісімдерге қол қою.

12.15 - 12.30 Баспасөз брифингі.

12.30 - 14.00 Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ отырысы.

Форум 2016 жылғы 27 сәуірде Қарағанды қаласында мына мекенжайда өтеді: Илиханов көшесі, 4 үй, "Нұр Отан" партиясы ҚОФ ғимараты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны