06.02.2017, 18:45 4662

Қарағандыда инновациялардыӊ аймақтық кеӊсесі ашылады

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудыӊ кешенді шаралары әзірленеді. Бұдан басқа, аймақтыӊ экспорттық әлеуетін дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Қарағанды. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандыда инновациялардыӊ аймақтық кеӊсесі ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ активініӊ отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жыл сайынғы Жолдауы талқылауға арналған кеӊесте мәлім болды.

Икім Нұрмұхамбет Ибдібеков Президент ұсынған бес басымдықтыӊ әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

"Жолдауда Үкіметтіӊ, барлық деӊгейлердегі әкімдердіӊ, атқарушы биліктіӊ барлық органдарыныӊ алдына қойылған міндеттер айқын көрсетілген. Бүгінгі активтіӊ мақсаты - Жолдаудыӊ міндеттерін түсіну, мемлекетпен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ сапалы жаӊа деӊгейіне шығу үшін оларды іске асыру бойынша Қарағанды облысыныӊ орны мен рөлін анықтау", -деді аймақ басшысы.

Икімніӊ пайымдауынша, аймақта сандық технологияларды қолдануда атқарылған жұмыс көлемі бар. Мысалы, Қарағандыда өз жұмысында электронды интеллектіні пайдаланатын республикалық фармацевтикалық хаб іске қосылған. Қарағандылықтар электронды мектеп күнделігініӊ, дәрігерге онлайн режимде жазылудыӊ артықшылығына өз бағасын берді, дегенмен ілгері қадам жасау керек.

Өндірісшілерге көмек ретінде инновациялардыӊ аймақтық кеӊсесі жасалмақ. Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму және технопарк басқармасына осындай тапсырма берілді. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудыӊ кешенді шаралары әзірленеді. Бұдан басқа, аймақтыӊ экспорттық әлеуетін дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Өӊірде Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік жол карталары жасалады. Билік өкілдері отбасылық бизнеске де қолдау көрсетпек.

Облыс басшысы Қарағандыда IT-біліктілік бойынша дарынды балалар үшін арнайы мектеп ашуды ұсынды. Білім саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ресурстары кеӊінен пайдаланылатын болады. 2017 жылдыӊ соӊына дейін жеке меншікті мектепке дейінгі ұйымдардыӊ үлесін 20 пайызға дейін жеткізу тапсырылды. Жұмысшы мамандықтарды меӊгеруге бөлінетін гранттар саны ұлғаяды.

Жұмыспен қамту саласында онлайн-платформалар бос жұмыс орындарыныӊ базасында қолжетімділікті жеӊілдете түспек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны