08.06.2017, 12:17 3007

Қарағандыда ірі азық-түлік көтерме-үлестіру логистикалық орталығы салынады

Жобаны іске асыру 2017 жылдан 2019 жалға дейін, екі кезеӊге бөлінген. Бірінші кезеӊніӊ құны 10,5 млрд. теӊгені құрайды. Оныӊ ішіне көтерме- азық-түлік орталығыныӊ, қоймалардыӊ, көкөніс сақтау орындарыныӊ кедендік рәсімдеу аумағыныӊ құрылысы кіреді. Көтерме-логистикалық орталықтыӊ қуаттылығы тауарларды жүктеу - жүк түсіру және жүкті өндеу бойынша жылына 350 мыӊ тоннадан асады.

Қарағанды. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда 20 гектардан астам жер аумағында "Альфарух" ЖШС үлкен азық-түлік көтерме-үлестіру логистикалық орталығы салынады. Жер телімі ескі әуежай аумағынан бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. 8 маусымда Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошановтыӊ қастысуымен жобаны бастау салтанаты өтті.

"Елбасыныӊ аграрлық секторды экономиканы дамытудыӊ жаӊа драйвері ету туралы тапсырма бар. Біз оған алғашқы қадамдарымызды бастап келеміз. Бүгінгі таӊда біз көтерме-үлестіру логистикалық орталығыныӊ құрылысын бастадық. Бұл бідіӊ облысымызға өте маӊызды және қажет нысан. Еӊ бастысы - бұл барлық халық үшін азық-түлік бағасын төмендетуге көмектеседі", - деді Ерлан Қошанов құрылыс алаӊында естелік капсулды салу салтанатында.

Жобаны іске асыру 2017 жылдан 2019 жалға дейін, екі кезеӊге бөлінген. Бірінші кезеӊніӊ құны 10,5 млрд. теӊгені құрайды. Оныӊ ішіне көтерме- азық-түлік орталығыныӊ, қоймалардыӊ, көкөніс сақтау орындарыныӊ кедендік рәсімдеу аумағыныӊ құрылысы кіреді. Көтерме-логистикалық орталықтыӊ қуаттылығы тауарларды жүктеу - жүк түсіру және жүкті өндеу бойынша жылына 350 мыӊ тоннадан асады.

Жоба инвесторы танымал қарағандылық кәсіпкер Анвар Осин. Орталықтыӊ құрылысына компания меншікті және қарызға алынған қаражатын салады. "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша бұл жобаға қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік қаражат есебінен қажетті инфрақұрылым салынып, темір жол торабы өткізіледі деп жоспарлануда.

"Көтерме-үлестіру логистикалық орталығы аймағымызды және елімізді азық-түлікпен қамту мақсатында салынғалы жатыр. Келешекте көршілес елдерге де таратылатын болады. Мұнда жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретіндер өз өнімдерін делдалсыз өткізе алады. Оларға 2500 сауда орындары беріледі. Көтерме саудамен қатар демалыс күндері бөлшек сауда да ұйымдастырылатын болады, - дейді "Альфарух" ЖШС қаржылық директоры Тамир Даутов. - Облысымызда өсірілген көкөністерді және ауыл шаруашылық кооперативтерінен келген мал өнімдерін сақтау қарастырылады".

Орталық 2018 жылдық үшінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны