13.12.2012, 17:10 3312

Қарағандыда Қазақстандағы ең ірі логистикалық фармацептикалық кешен ашылды

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацептикалық қызметін бақылау комитетінің төрағасы Дәулетхан Есімов қатысты.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандыда Қазақстандағы ең ірі логистикалық фармацептикалық кешен ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацептикалық қызметін бақылау комитетінің төрағасы Дәулетхан Есімов қатысты.

Құны 1,4 млрд. теңге тұратын жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау арқылы іске асырылды.

"Біз 600 млн. теңгеге несие субсидиясын алдық. Онымен бірге мемлекеттің есебінен коммуникациялар - аула жолдары салынып, электр жабдықтау жүйесі, сондай-ақ жоғары жылдамдықты ғаламтор іске қосылды", - деді "Ридер" ЖШС-нің директоры Мейрам Қабылов.

Мемлекеттік қолдау жобаны іске асыруға септігін тигізді, деп атап өтті ол. "Біз бұл орталықты жарты жылдың ішінде салып біттік. Біз жылына 40 млрд. теңгеге тауар өндіре аламыз. Қазақстанда автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған мұндай кешен әлі болған жоқ", - деді кәсіпорынның директоры.

Мұнда Австрия өндірісінің заманауи жабдығы орнатылған. Кешен арнайы суытқыш (мұздатқыш) камералармен және ауа баптағыш жүйлерімен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 42 жұмыс орны құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны