02.05.2012, 14:19 3613

Қарағандыда кеңсе қағаздарын шығаратын өндірісі іске қосылды

Жоба индустриаландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны - 685 млн теңге, оның 373 млн теңгесі - жеке қаржы, 312 млн теңгесі - займдық қаржыны құрайды. Жобалық қуаттылық айына 198,4 мың орам. Жобалық қуаттылыққа шығу мерзімі - 2014 жыл.

Қарағанды. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда кеңсе қағаздарын шығаратын өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда "ДОК KZ" ЖШС жоба құны 685 млн теңгені құрайтын А3/А4 форматты қағаз шығару жобасын жүзеге асырады, деп облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәлімдеді.

Жоба индустриаландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны - 685 млн теңге, оның 373 млн теңгесі - жеке қаржы, 312 млн теңгесі - займдық қаржыны құрайды. Жобалық қуаттылық айына 198,4 мың орам. Жобалық қуаттылыққа шығу мерзімі - 2014 жыл.

Бастапқыда өнім Астана мен Ақмола облысында, сондай-ақ Қарағанды мен Қарағанды облысында сатылады. Өндірушілер негізгі сату үлесі (75%) мемлекеттік және ұлттық компанияларға келетінін жоспарлауда.

Басқарма мәліметі бойынша, өнімнің нарықтық бағасы А4 форматты қағаздың стандартты бір орамы шамамен 600 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны