09.06.2014, 20:39 4502

Қарағандыда құрылыс саласындағы жаңа стандарттар талқыланды

Қарағандыда ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс ісі мен ТКШ комитетінің Қарағанды облыстық Құрылысшылар қауымдастығы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Құрылыс комитетімен бірлескен жұмыс тобы және жеке құрылыс компанияларының жетекшілерінің көшпелі семинар-жиыны өтті.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Қарағандыда ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс ісі мен ТКШ комитетінің Қарағанды облыстық Құрылысшылар қауымдастығы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Құрылыс комитетімен бірлескен жұмыс тобы және жеке құрылыс компанияларының жетекшілерінің көшпелі семинар-жиыны өтті.

Семинар барысында қатысушылар құрылыс саласындағы нормативті базаны реформалау мәселесін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, реформаның басты мақсаты - құрылыс саласын әлемдік жүйеге интеграциялау. Аталмыш реформаны іске асыру үш кезеңмен өтпек. Бірінші кезең - дайындық кезеңі.

СН РК EN құрылыс нормалары, құрылыс нормаларын кешенді дайындау және ғимарат мен құрылыс, инженерлік жүйелер, мен сілтемелі стандарттарды үйлестіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Екінші кезең - 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту мен 2020 жылға дейін техникалық реттеудің жаңа мен ескі жүйесінің "жүзеге асыру мерзімі".

Үшінші кезең - жаңа нормативті базаны қабылдау мен түзету тәжірибесін жалпылау.

"2015 жылдың қаңтарынан бастап құрылыстағы бағаны анықтаудың жаңа жүйесін енгізу еңбек шығыны, құрылыс машиналарын, материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын пайдаланудағы уақыт шығыны секілді ресурстық көрсеткіштерді мониторинг жасау арқылы ағымдағы бағадағы және нарықтық жағдайдағы құрылыс нысандарының сметалық құныны анықтауға мүмкіндік береді", - дейді "Қазақстан құрылыс және архитектура ғылыми-зерттеу институты" АҚ құрылыстағы бағаны орнату орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны