24.09.2012, 14:10 3727

Қарағандыда жаңа машина құрылыс өндірісі салынады

Қарағандыда "Сары-арқа" Арнайы экономикалық аймағының аумағында мұнай және газ құбырлары, жылу және сумен жабдықтау, мұнай химиясына арналған дөңгелек шүмектердің машина құрылыс өндірісінің салтанатты түрде іргетасы қаланды. Бұл жөнінде "KAZNEX INVEST" баспасөз қызметінде мәлімдеді.

Қарағанды. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағандыда жаңа машина құрылыс өндірісі салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда "Сары-арқа" Арнайы экономикалық аймағының аумағында мұнай және газ құбырлары, жылу және сумен жабдықтау, мұнай химиясына арналған дөңгелек шүмектердің машина құрылыс өндірісінің салтанатты түрде іргетасы қаланды. Бұл жөнінде "KAZNEX INVEST" баспасөз қызметінде мәлімдеді.

Шара 22 қыркүйек күні "B?hmer GmbH" компаниясының иесі Томас Бемердің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Ибдіровтың және ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" Экспорт және инвестициялар жөнінде ұлттық агенттіктің Еуропа елдері бойынша аймақтық директоры Мархаббат Балғабайдың қатысуымен өтті.

Өз саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі боп саналатын "B?hmer GmbH" неміс компаниясы мұнай және газ құбырлары, жылу және сумен жабдықтау, мұнай химиясына арналған дөңгелек шүмектердің өндірісін 5 млн еуроға дейін инвестициялауға дайын.

Инвестициялау туралы қорытынды шешім Kaznex Invest агенттігінің неміс инвесторымен келіссөздері нәтижесінде қабылданды. Kaznex Invest компанияның инвестициялау процесін толығымен сүйемелдейді: бұл ақпараттық-аналитикалық талдау, Қазақстанда бизнес ашумен және жүргізумен байланысты мәселелерді шешу, негізгі мемлекеттік құрылымдармен кездесулер ұйымдастыру, өндірісті орналастыру үшін оңтайлы орын таңдауға көмектесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алуға көмектесу.

Жоба Қарағанды облысы әкімдігінің белсенді көмегімен іске асырылып жатыр. Зауыт заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындар қатарын толықтырады деп жоспарланып отыр, онда 40 жұмыс орны ашылады және жергілікті тұрғындар Германияда алдын-ала оқытылып жұмысқа тартылады.

Болашақ зауыттың өнімі Қазақстанның, Кедендік одақ елдерінің, сондай-ақ алыс шетелдердің нарықтарына шығарылады.

"Bоhmer GmbH" компаниясы өндіріс құру үшін 2011 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды облысының АЭА аумағында "Бемер Арматура" ЖШС компаниясын тіркеді.

"Bоhmer GmbH" компаниясы - 1956 жылы Германияда құрылған отбасылық кәсіпорын. Компания шығаратын дөңгелек шүмектер Қытайдан бастап Оңтүстік Кореяға дейін - көптеген елдерге жеткізіледі. Фирманың өндіріс көлемі жылына 1 млн дөңгелек шүмекті құрайды. Қытайдың Шанхай қаласында еншілес өндірістік кәсіпорны бар.

"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөнінде ұлттық агенттігі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымына кіреді. ҚР 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ-ны жүзеге асыру аясында жұмыс жасайды. Шикізаттық емес өнімдерді дамыту және жетілдіру жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту және олармен жұмыс істеу бойынша мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады. "KAZNEX INVEST" республикалық бюджеттен қаржыландырылады және өз қызметтерін ақысыз негізде көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны