02.06.2006, 18:55 2964

Қарағандыға Өзбекстаннан шыққан “жасыл керуен” келіп жетті

ҚАРАҒАНДЫ. 2-маусым. Kazakhstan Today. Бейсенбі күні Қарағандыға Өзбекстаннан 130 тонна көкніс өнімдерін тиеген 4 КамАз көлігі келіп жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өзбек көкөнісшілері Қарағандыға қырыққабат, қызанақ, пияз және қызылша әкелді. “Жасыл керуен” жеткізген көкөністердің бағасы базардағы бағадан 10-15 процент арзан болмақ.

“Облыстық әкімшілік “Агроконсалтинг” АҚ атты делдал фирма арқылы Өзбекстанмен ерте піскен көкөніс өнімдері мен консервіленген өнімдерді алуға шарт жасасты”,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Камалиев. “Изірге өнімдер аз көлемде жеткізілуде. Бұдан былай олар темір жолмен тасымалданады”,- деді ол.
Икім орынбасарының айтуынша, өнімді сақтау үшін Қарағанды мен Теміртауда қайта құру дәуірінде қиратылған жеміс-көкөніс базаларын қалпына келтіру көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны