27.04.2016, 16:21 3638

Қарағандылық кәсіпорындар Қарашығанаққа өнім жеткізе бастады

Қарағандылық кәсіпорындар Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясына арнап өнімдер жеткілізілімін бастады, деді Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандылық кәсіпорындар Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясына арнап өнімдер жеткілізілімін бастады, деді Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен жылдыӊ желтоқсан айында "КПО б.в." бас директоры өз командасымен алғаш рет Қарағанды өӊіріне келді, біз облыстыӊ өнеркәсіптік әлеуетініӊ мүмкіндіктерін паш еттік және тиісті меморандумға қол қойдық. Бұдан кейін біз жауап сапарға шығып, КПО өнеркәсіп алаӊында болып қайттық. Желтоқсанда бекітілген меморандумныӊ нәтижесінде Қарағандыныӊ 46 кәсіпорны тізімге ілікті, яғни, Қарашығанақ кенішіне арнап потенциалдық өнім жеткізушілер ретінде алдын-ала іріктеуден өтті", - деді Ахметжанов бүгін IV Инвестициялық форум барысында.

Оныӊ айтуынша, бірқатар қарағандылық кәсіпорындар сынақтық өнімдер партиясын жеткізіп үлгерген. "Атап айтсақ, жарықтандыру аспаптарын өндіру және құрастырумен айналысатын "Пролюкс" компаниясы Қарашығанақ алаӊына өзініӊ 160 бірлік өнімін жеткізді. Егер өнім сапалы әрі компания талаптарына сай келетін тауар ретінде таныла алса, келісім-шарт аясы кеӊейтіледі. Бұған қоса Қарашығанақпен біз кеніште ұӊғылар бұрғылау және бұрғылау ерітінділерін өндіруге арналған жаӊа өнім - барит концентраты бойынша да белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа да бірқатар жобалар бар", - деді әкімніӊ орынбасары.

Бұған қоса ол облыста машина жасау саласын белсенді түрде дамыту жоспарланып отырғанын хабарлады. "Қазір біз инвесторларды сервистік қолдауды дамытуға барынша бағдарлап отырмыз. Республика мен облыс аумағына әкелінген ауқымды көлемдегі отандық және импорттық тау-кендік шахталық және түрлі машина құрал-жабдықтары тұрақты сервистік қызмет көрсетуді талап етеді", - деді ол.

Бұл ретте Ахметжановтыӊ айтуынша, бірнеше компания елге енгізілетін құрал-жабдыққа сервистік қызмет көрсете бастаған. "Біз еліміздіӊ шахталарына арнап бұрғылау кешендері мен кен өндіру кешендерін жеткізетін польшалық инвесторлар да осы жолға түседі деп сенеміз", - деді ол.

Сондай-ақ, әкім орынбасарыныӊ айтуынша, машина жасаушылар қосалқы бөлшектер өндірісіне үлкен қызығушылық танытуда.

"Біз шағын нысандардан бастауды жоспарлап отырмыз. Келешекте, тәжірибе жинақтай келе агрегаттардыӊ өзін құрастыруға көшпек ниеттеміз", - деді Ахметжанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны