19.06.2017, 23:32 4175

Қарағандылық кәсіпорындар өнімдер экспортыныӊ географиясын кеӊейте түсуде

Қарағандылық кәсіпорындар өнімдер экспортыныӊ географиясын кеӊейте түсуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандылық кәсіпорындар өнімдер экспортыныӊ географиясын кеӊейте түсуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

"Мемлекет басшысыныӊ халыққа арнаған жолдауыныӊ шеӊберінде Қазақстанныӊ шикізаттық емес экспортыныӊ көлемін 2025 жылға дейін екі есе арттыру міндеті қойылған. Бұл бағытта экспортқа бағдар ұстанған ірі кәсіпорындар шоғырланған біздіӊ облысқа ауқымды рөл белгіленіп отырғаны даусыз. Статистика тілімен айтатын болсақ, Қарағанды облысыныӊ экспорты 2016 жылы $3,2 млрд құрады, оныӊ ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі - $2,9 млрд (ҚР бойынша 1-ші орын). Өӊдеу саласы экспортыныӊ негізгі үлесін металлургия саласыныӊ өнімдері құрайды, бұл - "АрселорМиттал Теміртау" және "Қазақмыс" корпорациясы секілді жүйеқұрушы кәсіпорындардыӊ тауарлары", - деді Кәрібеков.

Бұл ретте оныӊ айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірген металл өнімдерініӊ жартысынан астамы экспортқа, оныӊ ішінде Ресей, Қырғызстан, Иран, Пәкістан, Ливан мен Вьетнамға шығарылады. 2016 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірген 2,6 млн тонна өнім экспортқа шығарылса, 2017 жылы 2,9 млн тонна прокатты экспортқа жөнелту жоспарланған, демек өсім 9%-ды құрамақ.

Сондай-ақ, "Қазақмыс" корпорациясы 2017 жылы тазартылған мыс экспортыныӊ көлемін 223 мыӊ тонаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 215 мыӊ тоннаны құраған болатын, яғни, өсім 3%, күміс - 8,5%, мыс созбасы - 25%. Негізгі экспорттық бағыт - Қытай, Еуропа, Ұлыбритания және Литва.

"Сондай-ақ, көмір өнімін жеткізу географиясын да кеӊейту, жаӊа нарықтарға шығу жұмыстары жүргізілуде. Айталық, 2017 жылы "Шұбаркөл көмір" АҚ жалпы көлемі 4 млн тонна көмірді алыс шетелдерге - Финляндия мен Жапонияға сатуды жоспарлап отыр", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Оныӊ хабарлауынша, бұдан бөлек, Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларын жүзеге асыру шеӊберінде экспорттық өнімдердіӊ жаӊа түрлері игерілуде. Бүгінгі жағдаймен жүзеге асырылған 78 жобаныӊ 13 жобасы бойынша өнімдер РФ, ҚХР, Қырғызстан, Түркия, АҚШ және басқа да елдерге экспортқа шығарылуда. Карта шеӊберінде іске қосылған жобалар бойынша 2016 жылы жалпы сомасы 141,4 млрд теӊгеніӊ өнеркәсіп өнімдері өндірілді, оныӊ ішінде 33,2 млрд теӊгеніӊ өнімі экспортқа шығарылды.

Оныӊ ішінде "Евразиан Фудс" рафинация және орау желісі цехы; Kaz-metiz құрыш канат өндірісі; Tau-KenTemir кәсіпорнында техникалық кремний өндіру, өнім 100% экспортқа шығарылады; Сары-Қазына кәсіпорнында Қоӊырат кен орныныӊ қалдықтарынан катод мысын өндіру; BapyMining кәсіпорнында темір кенін өндіру және өӊдеу жобалары бар.

"Келешекте карта шеӊберінде 2019 жылға дейін тау-кен -металлургия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және ағаш өӊдеу өнеркәсібі, қағаз және қағаз өнімдері өндірісі салаларында экспорттық әлеуеті бар 10 жобаны іске қосу жоспарлануда", - деді Кәрібеков.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, Мемлекет басшысыныӊ халыққа арнаған жолдауында белгіленген бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және аясын кеӊейту міндеттердіӊ шеӊберінде облыста Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша іс-шаралар кешенініӊ және Дүниежүзілік банктіӊ 2017-2020 жылдарға арналған рейтингі негізінде Қарағанды облысында бизнес жүргізуге қажетті алғышарттарды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспардыӊ жобалары жасалды, қазір олар Ұлттық экономика министрлігінде келісілу үстінде.

"Биылғы басым бағыттардыӊ бірі - "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" атты жаӊа бағдарламаны жүзеге асыру болмақ, ол биылғы жылы 700-ден астам кәсіпкерлерді қамтуға мүмкіндік береді. Облыстыӊ 7 ауданында (Ақтоғай, Бұхар Жырау, Жаӊаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровск, Шет аудандары) қазірдіӊ өзінде "Бастау - Бизнес" жобасы бойынша алғашқы ағында 242 адам оқудан өтті. Қатысушылардыӊ барлығы Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ жанындағы комиссияныӊ алдында өз бизнес- жоспарларын сәтті қорғап шықты. Ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінен бастап шамамен 300 адамды қамти отырып, екінші оқыту ағыны басталды", - деді ол.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, ағымдағы жылы облыс әкімдігі "Даму" қорымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнесті жеӊілдікпен несиелендірудіӊ өӊірлік бағдарламасын іске қосты. Бұл бағыттағы қолдау шараларына жеӊілдетілген сыйақы мөлшерлемесі (жылдығы 8,5%-ға дейін) бойынша кемінде 25 кәсіпкерді қамту көзделіп отыр.

Сондай-ақ, сәтті шыққан "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша әрекет етуші бизнесті қолдау да одан әрі жалғасын табады. Биыл кәсіпкерлердіӊ кемінде 200 жобасын қолдау жоспарланып отыр, бұл ретте 2017 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айлары аралығында 11,8 млрд теӊгеге 115 жобаға қолдау көрсетілді.

"Меніӊше, қолданылып отырған осындай шаралардыӊ барлығы бізге облыстағы іскерлік белсенділікті жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Кәрібеков.

Сондай-ақ, оныӊ атап көрсетуінше, Мемлекет басшысыныӊ жолдауында жарияланған Индустрия 4.0. элементтерініӊ бірі - тау-кен өнеркәсібі саласын қайта жаӊғырту болмақ.

"Облыста тау-кен өнеркәсібі саласында аса ірі жоба жүзеге асырылуда, бұл - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірісін дамыту және модернизациялау, бұл жобаны жүзеге асыру арқылы өндірілетін құрыш-болат мөлшерін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Жобаныӊ жалпы құны - 133,6 млрд теӊге. Жобада домна пештерін жөндеу, газ тазартуды модернизациялау, әзірлемелерді үздіксіз құю машинасын орнату, сортты прокат бойынша екінші желіні іске қосу және т.б. жұмыстар жоспарланған. Көмір департаменті бойынша әрекет етуші шахталарды кеӊейту, шикізат базасын дамыту көзделіп отыр. Компания жаӊа технологиялардыӊ еӊбек нарығына ықпалына қатысты оӊ көзқараста, олар жұмыс орындарыныӊ санын ұлғайтуды меже тұтуда. Қосымша 1034 жұмыс орны құрылады", - деп қорытты өз сөзін облыс әкімініӊ орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны