04.02.2009, 16:37 2987

Қарағұсова халықты валюта нарығындағы алыпсатарлықтың отын үрлемеуге шақырды

Қарағұсова халықты валюта нарығындағы алыпсатарлықтың отын үрлемеуге шақырды

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова халықты валюта нарығындағы алыпсатарлықтың отын үрлемеуге шақырды. Бұл туралы ол бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халықтың екі өкпесін қолға ала жүгіріп, доллар сатып алуының қажеті жоқ, бұл тек алыпсатарлық толқын", - деп мәлімдеді Гүлжан Қарағұсова. "Абыржудың ешбір қажеті жоқ, Ресей де осындай қадам жасады, онда да бұл оқиғаға бейқам қарап отыр", - деді ол.

"Егер біз девальвациялауды жүргізбесек, біздің бүкіл экспортымыздың бәсекелестік қабілеті болмайды, біздің өнімдерімізді ешкім сатып алмайды, ол қымбат болады", - деді ол.

Оның пікірінше, теңгенің сатып алу қабілеті Қазақстанға келетін тауар импортына ғана әсерін тигізуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны