Система Orphus

Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді - Е. Тоғжанов

20.03.2020, 23:48 4213

Алматы. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағында COVID-19 пандемиясы жағдайында елде тұрақты өмір сүруді қамтамасыз ету жөніндегі жоспар толығымен пысықталып, бекітілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

"Мемлекеттік резервте бүгінгі таңда азық-түлік, гигиена құралдары, бірінші қажеттіліктегі құралдар мен медициналық қажетті дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті. Сонымен қатар бүгінгі таңда Қазақстанда өндірушілермен және өзге мемлекеттердегі экспорттаушылармен елімізге қажетті өнім жеткізуге келісім бар", - деп сендірді Премьер-Министрдің орынбасары.

Кедендік бекеттер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, бірақ тек жүк көлігін өткізуге бағытталған.

Е. Тоғжановтың айтуынша, карантиннің енгізілуімен азаматтардың барлық қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі шектелмейді.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық - мемлекет пен Үкіметтің басты міндеті.

"Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейі байқалып отыр. Қазақстан негізгі позициялары бойынша ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. 4 тауар - қант, құс еті, тұз бен ақ май бойынша ғана импорттың жоғары үлесі барын айтқым келеді. Бұл мәселелер бойынша өндіруші экспорттаушылармен нақты келісімдер бар. Мұндай мәселе туындамайды және туындамауы тиіс. Жалпы, біз бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар импортына тәуелді емеспіз", - деді вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны