11.09.2020, 16:52 11171

Карантин кезінде Алматыда 75 мың кәсіпкерлік субъекті салық төлеуден босатылды

127,3 млрд. теңгеге шақ 360 мың қарыз бойынша кейінге шегеру ұсынылды. Оның ішінде 72 млрд. теңге сомасына тең 2889 қарыз ШОБ- ке тиесілі.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Карантин кезінде Алматыда 75 мың кәсіпкерлік субъекті салық төлеуден босатылды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында ШОБ қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету құралдары туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілері пандемия жағдайына байланысты еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босатылған болатын.

Атап айтқанда, ағымдағы жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметтері саласындағы бизнес үшін, сондай - ақ жеке практикамен айналысатын адамдар үшін, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазанына дейінгі кезеңге, микро, шағын және орта бизнес үшін барлық салық түрлері бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру, еңбекақы төлеу қорына байланысты салықтар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді жою енгізілді.

Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқарма басшысының мәліметінше, карантин кезінде 23,5 млрд. теңге сомасына тең 75 мың кәсіпкерлік субъекті салық төлеуден босатылған.

127,3 млрд. теңгеге шақ 360 мың қарыз бойынша кейінге шегеру ұсынылды. Оның ішінде 72 млрд. теңге сомасына тең 2889 қарыз ШОБ- ке тиесілі.

"Төтенше жағдай режимі кезінде Алматы қаласының әкімдігі ірі сауда нысандары мен кәсіпорындардың иелерімен қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерден жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы ұсыныс сипатындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, жалға берушілердің көпшілігі төлем жүргізуді тоқтатып, халық жағдайын түсіністікпен қабылдады", - деді Е.Оразалин.

ТЖ және карантин режимі кезінде ірі сауда объектілерінің (СОО, СО, СҮ және базарлар-153) меншік иелері 36 717 адамнан жалдау ақысын алуды тоқтатты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көптеген нарықтар мен СОО жалдау құнын 20-30% - ға төмендетті.

"Жалпы, жыл соңына дейін мемлекеттік меншік нысандарының 1111 кәсіпкерлері 376 млн.теңге сомасында жалға беруден босатылды", - деп атап өтті ол.

Басқарма басшысы қаржылық қолдауға яғни жеңілдетілген несиелеу мәселелеріне жеке тоқталды.

"Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар ШОБ субъектілерін қолдайды. Осыған байланысты "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Кредит беру сомасы 7 млрд. - қа дейін ұлғайтылды. Салалық шектеулер алынып тасталып, кәсіпкерлер үшін ставканы 6% деңгейінде біріздендіру шаралары қабылданды. Дағдарысқа

қарсы шаралар аясында, республикалық бюджеттен қосымша 3,9 млрд.теңге бөлінді", - деп түсіндірді Е. Оразалин.

Бүгінгі таңда 54,6 млрд.теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның бюджеті 2 млрд.теңгені құрайды. 513 млн. теңге сомасына 34 жоба жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында 6% бойынша 100-ден астам жоба несиемен қамтамасыз етіледі.

"Almaty Business-2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасына соманы 300-ден 500 миллион теңгеге дейін ұлғайту, сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7% - дан 6% - ға дейін азайту секілді өзгерістер енгізілді. Осы бағдарламаның бюджеті - 12,3 млрд. Оның ішінде фармацевтикалық компанияларды кредиттеу үшін бөлінген қаржы - 5 млрд. Бүгінгі таңда 5,9 млрд.теңгеге 46 жоба қаржыландырылып, 1 млрд. теңгеге 13 жоба мақұлданды", - деді ол.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 89,4 млрд.теңге сомасына 50 жоба қаржыландырылып, мақұлданды.

АПК дамыту бағдарламасы шеңберінде тамақ өнеркәсібін қолдау үшін 4,5 млрд.теңге бөлінді.

Президент Жолдауын жүзеге асыру Алматының кәсіпкерлігін дамытуға серпін береді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында ШОБ-ты жан-жақты қолдау және пандемияның жағымсыз экономикалық салдарын еңсеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Оның ішінде, Президент қазақстандық өңдеу өндірістерін шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін реттеуші тетіктер әзірлеуді тапсырды.

"Біз бұл өзгерістерді қатты күтеміз, өйткені қаланы өңдеудегі тамақ өнеркәсібі шамамен 40% құрайды. Шикізатты батыс өңдеу компаниялары таргеттейді және олар тиімді бағада сатып алуға дайын тұратындықтан, кәсіпорындар қиындықтарға тап болады. Егер заңнамамен тиісті регламенттеуші өзгерістер енгізілсе, ал бұндай өзгерістер төтенше жағдай кезінде енгізілген болатын, сол кезде біздің компаниялар тиімді бағамен шикізатқа қол жеткізді", - деді Еркебұлан Оразалин.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны