12.12.2011, 10:40 3169

Қарашығанақ кен орнында көмірсутегі шикізатын тазалайтын қондырғы іске қосылды

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кен орнында көмірсутегі шикізатын тазалау және терең тұрақтандыру жөніндегі қондырғы іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

Орал. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарашығанақ кен орнында көмірсутегі шикізатын тазалайтын қондырғы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кен орнында көмірсутегі шикізатын тазалау және терең тұрақтандыру жөніндегі қондырғы іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

Икімнің айтуынша, өңірде ҮИИД бағдарламасының аясында 254,4 млрд. теңге соманың 29 жобасы жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Сарыарқа" спорт кешенінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір өтуде. ІІ жартыжылдықта жалпы сомасы 902 млрд. теңгенің 162 жобасы іске қосылып, 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны