29.04.2013, 11:43 6072

Қарашығанақ мұнай кен орнын іске асырудың үшінші кезеңі кейінге қалдырылды

"Қарашығанақтың үшінші кезеңіне келетін болсақ, жақында мұнай және газ бойынша министрлік және кеңеспен бірге Үкіметте әзірге үшінші кезеңді бастамайтынымыз шешілді", - деді Л.Қиынов.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Қарашығанақ мұнай кен орнын іске асырудың үшінші кезеңін жүзеге асыру әзірге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Қарашығанақтың үшінші кезеңіне келетін болсақ, жақында мұнай және газ бойынша министрлік және кеңеспен бірге Үкіметте әзірге үшінші кезеңді бастамайтынымыз шешілді", - деді Л.Қиынов.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта өндіріліп жатқан 8 млрд тонна газ тасымалдануы жалғастырады, ал қалған қалдықтар қайтадан қабатқа қайтарылады, бұл өңдеудің бүкіл кезеңі бойы қосымша 100 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кету керек, 2012 жылдың қортындысы бойынша мұнай мен газ конденсатын шоғырланған шығару 21,4 млн тоннаны құрады, мұнай тасымалдау көлемі, жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға артық, газ тасымалдау көлемі - 2,5%-ға, еңбек өнімділігі - 1,4%-ға, жол битумын өндіру көлемі - 9,4%-ға артқан.

Өз алдына, "ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы берген мәліметтер бойынша табиғи газды тасымалдау көлемі бойынша көрсеткіш 27, 576 млрд куб метрге жеткен.

Қазіргі уақытта ҚМГ жетекшілік ететін Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауыттарында қайта құру және жетілдіру шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар аяқталған соң 2016 жылға қарай қайта өңдеудің жылына 19 млн тоннаға дейін артуы жоспарланған. Сонымен қатар, мұнай өңдеудің тереңдігін 90%-ға дейін арттыру, жәнеи автобензинді 6750 мың тоннаға дейін, авиаотынды - 950 мыңға дейін, дизельдік отынды - 5900 мыңға дейін өндіру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны