13.01.2010, 12:39 2940

Кәрім Мәсімов Қазақстанда танкер флотын ұлғайту жұмысын оңтайландыру мақсатын қойды

Премьер-министрдің бағалауынша, Қазақстан қазір танкерлік өндірістің дамуында кенжелеп қалды. "Танкерлік флотты дамытуда біз шалымды қимылдауымыз қажет, өйткені, мүмкіндіктер арта түсуде және Қашаған кеніші кешікпей іске қосылады", - деді үкімет басшысы.

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда танкер флотын ұлғайту жұмысын оңтайландыру мақсатын қойды. Ол осы жөнінде бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Ибілғазы Құсайыновқа тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Каспий бағытында және су транспорты бойынша алған беттен кері шегінуге болмайды. "Самұрық - Қазынамен" бірге еліміздің танкерлік флотын ұлғайту мәселесін пысықтау керек", - деді Кәрім Мәсімов Ибілғазы Құсайыновқа қаратып айтқан сөзінде.

Премьер-министрдің бағалауынша, Қазақстан қазір танкерлік өндірістің дамуында кенжелеп қалды. "Танкерлік флотты дамытуда біз шалымды қимылдауымыз қажет, өйткені, мүмкіндіктер арта түсуде және Қашаған кеніші кешікпей іске қосылады", - деді үкімет басшысы.

ҚР Көлік және коммуникация министрінің айтуынша, "2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның сауда флоты жүк көтерімділігі 13 мың тоннадан асатын бір танкермен толықты, ағымдағы жылы тағы да екі танкер жасалып бітеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны