23.01.2008, 18:00 3034

Кәрім Мәсімов жаңа алюминий зауытын салуға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Кәрім Мәсімов жаңа алюминий зауытын салуға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қостанай облысында жаңа алюминий зауытын салуға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл жайында ол бүгін Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде атап өтті.

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне глинозем кенішін "Тобыл" ИКК-ына беруді, бұл Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді және қысқа мерзімде Қостанай облысында тағы бір алюминий зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын,- деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл тапсырманың орындалуын қадағалау сіздің міндетіңіз", - деді ол еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовқа қаратып айтқан сөзінде.

Индустрия және сауда министрінің айтуынша, Қостанай облысындағы боксит кеніштерінің негізінде жаңа алюминий зауытын "Тобыл" ИКК-ның қатысуымен салу жөніндегі жоба министрліктің түсті және қара металлургиялық өңдеу саласында жаңа өндірістер құру іс-қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны