04.02.2010, 11:39 1400

Қаржы министрі шетелдіктердің Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру заңдылығын тексеруді сұрайды

Қаржы министрі шетелдіктердің Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру заңдылығын тексеруді сұрайды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қаржы министрі шетелдіктердің Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру заңдылығын тексеруді сұрайды. Мұндай өтінішті ол бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шетелдіктердің базарларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңға сәйкес жүргізілуге тиіс, соған сәйкес Қазақстан азаматтары ғана жеке кәсіпкер бола алады. Ал шетелдік кәсіпкерлер Қазақстан аумағында жылына 90 күн ғана өз қызметін жүзеге асыра алады", - деді Б. Жәмішев.

"Мен Ішкі істер министрлігіне заңның осы нормасының сақталуын тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма беруді сұрар едім. Кедендік одақ аясында біз елдің оңтүстік шекарасын бекіту мақсатында іске асыруымыз қажетті барлық шаралар, егер біз осы барлық кәсіпкерлер шекара арқылы өзінің котрабандалық тауарын елімізге әкелуге талпындыратын ынталандыру факторын жоймайынша, нәтижесін бермейді", - деді министр.

Оның мәліметінше, Алматыдағы бірқатар базарлардағы саудагерлердің үштен бір бөлігі - Қырғызстан азаматтары. "Шекараны бекіту үшін біз осы тауарларды қайда жібереміз және қандай шара қолдану керек дегенді ойластыруымыз қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны