06.06.2012, 15:42 2675

Қаржы министрлігі 2011 жылы бюджет қаржысының 42 млрд теңге көлеміндегі игерілмей қалған қаржысын объективті түрде түсіндіруде

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі 2011 жылы бюджет қаржысының 42 млрд теңге көлеміндегі игерілмей қалған қаржысын объективті түрде түсіндіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

Министр баяндама барысында бюджеттің игерілмей қалған қаражаты 42,9 млрд. теңгені құрайтынын айтып, игерілмеген қаражаттардың пайда болу себептеріне де тоқталып өтті.

"Игермеудің сүбелі үлесі объективті, әкімшілерге тәуелсіз себептер бойынша орын алып отыр. Мәселен, 10,6 млрд. теңге үнемдеу, 4,7 млрд. теңге мердігерлерге байланысты орындалмаған шартты міндеттемелерді құрайды", - дейді министр.

Оның айтуынша, қаражаттың дені қажет болмаған қалдықтар болса, енді бір бөлігі негізсіз жоспарлау мен шарттарды уақытылы жасамауға қатысты орын алған.

"Бюджет қаражатын игермеу тақырыбына келсек, бұнда дүниежүзілік тәжірибеге де тоқталуға болады. Мәселен, Сингапурде бюджет қаражатының 5 пайызы, АҚШ, Англия, Германия елдерінде 5-тен 10 пайызға дейін игермеу орын алып отырады. Бұл елдердің қаржылық жүйесі нәтижеге бағдарланған. Осыған байланысты олардың салалық министрліктеріне бюджеттің пайдаланылмаған қаражаттарын көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі жылдарға ауыстыруға мүмкіндік берілген. Бұл заң бұзушылық болып табылмайды", - дейді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны