18.10.2012, 15:29 2955

Қаржы министрлігі ағымдағы жылы бюджет тапшылығын біршама ұлғайтпақ

Оның атап өтуінше, мемлекеттік қарыздарды басқарудағы міндет мемлекет үшін қандай да бір тәуекелдердің пайда болуының алдын алу. Ол үшін халықаралық тәжірибеде белгілі ереже де бар. Қазақстан да сол тәжірибені басшылыққа алады.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі ағымдағы жылы бюджет тапшылығын біршама ұлғайтпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев осылай деді.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік қарыздарды басқарудағы міндет мемлекет үшін қандай да бір тәуекелдердің пайда болуының алдын алу. Ол үшін халықаралық тәжірибеде белгілі ереже де бар. Қазақстан да сол тәжірибені басшылыққа алады.

"Мемлекеттік қарызға қатысты айтар болсам, ол ІЖӨ-нің 60 пайызынан, біздің жағдайда 14 пайыздан аспауы тиіс. Бұдан бөлек үкіметтік қарыздарға қызмет көрсету бойынша төлемдер бюджеттен 15, ал біздің жағдайда 8,9 пайыздан астауы қажет", - деді Б.Жәмішев.

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанның мемлекеттік қарызы дәл қазіргі уақытта барынша төмен деңгейде. Бұл өте маңызды. Өйткені дағдарыс Еуропаның бірқатар елдерінде жоғары мемлекеттік қарыз елді қандай қиын жағдайға душар ететіндігін көрсетті.

Сондай-ақ ағымдағы жылы республикалық бюджет кірісі орындалмай қалғандығы байқалғандығын айта келе: "Биылғы жылы біз бюджет тапшылығын біршама ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бірақ келесі жылдан бастап бюджет жобасында үш жылдың ішінде ІЖӨ-дегі тапшылықты 2,5-тен 1,5 пайызға дейін төмендетеміз деп белгіледік", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны