24.06.2014, 20:39 3529

Қаржы министрлігі бәсекеге қабілетті ортаға 300-ге жуық нысанды береді

Ағымдағы жылы ҚР Қаржы министрлігі 782 нысанның 300-ге жуығын бәсекеге қабілетті ортаға береді, деп ОКҚ өткен брифингте ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы ҚР Қаржы министрлігі 782 нысанның 300-ге жуығын бәсекеге қабілетті ортаға береді, деп ОКҚ өткен брифингте ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

"2014-2015 жылдарға арналған заңдастырудың кешенді жсопарында мемлекеттік сыңайлы субъектілердің бәсекеге қабілетті ортаға жіберілетіндерінің тізімі жасақталған. Бүгінде 782 нысан бәсекеге қабілетті ортаға жіберілетіндердің қатарында. Ағымдағы жылы олардың 300-ге жуығы бәсекеге қабілетті ортаға беріледі, ал 380 жойылатын болады", - сказал Б.Сұлтанов.

Оның үстіне, республикалық меншік бойынша 29 ұйым мен 3 нысан бекітілді. Коммуналды меншік бойынша 416 ұйым бәсекеге қабілетті ортаға көшірілуі тиіс. Қазіргі таңда Заңдастыру комиссиялары жасақталған.

"Ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша 337 актив бәсекелестік ортаға беріледі, соның ішінде "Самұрық-Қазына" қоры бойынша 106 актив, Байтерек холдингі бойынша 15, ҚазАгро 32, Парасат 8, Зерде 2, ИКК бойынша 174 ұйым", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ұлттық холдингтер басқармасы шешімімен нысандарды бәсекелестік ортаға беру мен оны іске асыру мерзімін анықтау бойынша комиссия бекітілді.

"Биыл кестеге сай, 782 ұйымның 278-ін беру жоспарланған, соның 19-ы республикалық меншік, 109-ы коммуналды меншік, 75-і ИКК, 75-і холдингтер бойынша. Қазіргі таңда коммуналдық меншіктің 6 нысаны сатылған. Соның ішінде 4-еуі ИКК бойынша 85,6 млн теңгені құрады. 34 нысан бойынша бағалау жұмыстары басталды", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны