09.04.2008, 18:13 2952

Қаржы министрлігі салық органдарын қарыз берушілер қатарына қосып олардың келісімімен берешегі бар кәсіпорындарға сырттай бақылау орнатуды ұсынып отыр

Қаржы министрлігі салық органдарын қарыз берушілер қатарына қосып олардың келісімімен берешегі бар кәсіпорындарға сырттай бақылау орнатуды ұсынып отыр

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы министрлігі салық органдарын қарыз берушілер қатарына қосып олардың келісімімен берешегі бар кәсіпорындарға сырттай бақылау орнатуды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін "Дағдарыспен күрес басқарушылардың ролі мен орны және банкроттық институтын жетілдіру" мәселесіне арналған дөңгелек үстелінде ҚР Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікірімізше, банкроттық туралы заңына өзгерістер енгізу керек, бұл дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі комитетінің территориалдық басқармасына салық органдарының келісімімен бюджет және басқа төлемдер бойынша берешегі бар кәсіпорындарға сырттай бақылау орнату мүмкіндігін беру мәселесіне қатысты ", -деді А. Қыпшақов.

Ол еске салғанындай, бүгінгі кезде "Банкроттық жөніндегі" заңында үш қарыз берушінің келісімімен кәсіпорындарға сырттай бақылау орнату процедурасы қарастырылған. "Іс жүзінде қарыз берушілер бірнеше себептермен оған келісімдерін бермейді. Оның бастысына- берешекті қайтарудың кезегі болып отыр. Өйткені салық төлемдері бойынша қарыздар басқа несие берушілер алдындағы міндеттерден бұрын қайтарылады ", -деп түсіндірді салық төрағасының орынбасары.

"Сонымен бірге, бақылауды орнатуды ұсынған қарыз беруші сыртқы бақылауды жүргізген үйлестірушіге еңбек ақы төлеуі міндеттелген ", - деді ол.

"Сондай-ақ, бір ескеретін жәйт берешегі бар кәсіпорындардың басым бөлігі тек салық органдары алдында ғана қарыздары бар. Соның салдарынан салықшылар сыртқы бақылауды толық көлемде жүргізе алмай, борышкер- салық төлеуші кәсіпорыннан активтерді шығарып алуға мүмкіндігі туады", -деп қорытындылады А. Қыпшақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны