18.06.2018, 15:57 4790

Қаржы министрлігінде реттеушілік әсерді талдауды жүргізу шеӊберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану үшін және шағымдарды беру үшін төлемді орнату мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілді

Сонымен бірге шағымдарды беру үшін төлем алу көп мемлекеттерде, оныӊ ішінде ТМД елдерінде (Грузия, Украина, Армения) қолданылады.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Илеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану үшін және тапсырыс берушілерге шағым жасау үшін төлем төлеуді міндеттей ме?

Қаржы министрлігінде реттеушілік әсерді талдауды жүргізу шеӊберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану үшін және шағымдарды беру үшін төлемді орнату мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілді.

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысыныӊ 2017 жылғы 31 қаӊтардағы "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеӊберінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын әзірлегенін атап өтеміз.

Былтырғы жылдыӊ желтоқсанында заӊ жобасы Мәжіліске енгізілді.

Заӊ жобасын қарастыру шеӊберінде депутаттар мынадай түзетулер енгізді. Бірінші - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланғаны үшін қызметке төлем белгілеуді орнату. Екінші - тапсырыс берушініӊ, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыныӊ, мемлекеттік сатып алуды бірыӊғай ұйымдастырушыныӊ, комиссиялардыӊ, сарапшыныӊ, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыӊғай оператордыӊ әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау үшін төлемді белгілеу орнату.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталыныӊ қызметі үшін төлем

Жыл сайын веб-порталды сүйемелдеуге, дамытуға және қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теӊге жұмсалады. Мемлекеттік сатып алуға кіріс алу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері қатысатынын ескере отырып, веб-порталды пайдаланудыӊ нарықтық тетіктерін қолдану ұсынылады. Яғни веб-порталды пайдаланғаны үшін төлемақыны шарт жасалған әлеуеттік өнім берушілерден ғана алу ұсынылады. Мысалы, Ресей Федерациясында, Грузияда мемлекеттік сатып алудыӊ электрондық жүйелерін пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер ақылы негізді ұсынылады. Сонымен бірге төлемақы келісімшарт берілгеніне қарамастан сатып алуға барлық қатысушылардан алынады.

Бұған қоса, сатып алудыӊ жеӊімпазынан ғана төлемақы алудыӊ ұсынылып отырған моделі әділ болып табылады.

Ұсынылып отырған шаралар республикалық бюджетке жүктемені азайтады, өз шығынын өзі өтейтін болуы да мүмкін.

Шағымдардыӊ ақылығы

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне шағым жасау шартты жасасу мерзімін тоқтатуға әкеп соғады.

Көбінесе шағымдар сатып алу үрдістерініӊ созылуына және шарттарды жасасу мерзімдерін бұзуға бағытталған. Мәселен, барлық шағымдардыӊ жартысы әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға заӊсыз рұқсат бермеуге байланысты. Яғни, шағымдардыӊ көбі "өзіме де, өзгелерге де емес" қағидаты бойынша беріледі.

Сондай-ақ, кәсіби шағым берушілердіӊ пайда болуы орын алады, олар үшін шағымдану мемлекеттік сатып алуға кедергі жасаудан заӊсыз пайда алудыӊ құралы болды.

Шағымдану жүйесіне шексіз рұқсат үшінші тұлғалардыӊ құқықтарын бұзуға әкеп соғады, тапсырыс беруші мен жеӊімпаз келісімшарттыӊ орындалуыныӊ іркілуі салдарынан шығындарға ұшырайды.

Сондықтан шағымдарды беру үшін төлемді алу қажеттілігі туындайды, ол сатып алуда осындай теріс пайдаланудыӊ санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге шағымдарды беру үшін төлем алу көп мемлекеттерде, оныӊ ішінде ТМД елдерінде (Грузия, Украина, Армения) қолданылады.

Ресей Федерациясында Мемлекеттік думада шағымдарды қарастыру үшін төлем алуды көздейтін заӊ жобасы қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны